Көп адам нәзік жандылардың қолына қарап, жасын айтып, өзін қаншалықты жақсы көретіндігін анықтайтындықтан, қол терісінің күтімі мен тырнағының әдемі маникюрі қыз баласын одан әрі сұлуландыра түседі.
Біз мектеп жасындағы оқушы болғандықтан, түрлі-түсті маникюрдің, тырнақ өсірудің еш қажеті жоқ. Мұнымен қатар сұлулық салонының да. Осылайша ақшамызды шығындамаймыз және гигиеналық тазалықты сақтаймыз. Олай болса, үй жағдайындағы маникюрге кірісейік.
1. Маникюрді жасамас бұрын алдымен қолды дайындау керек. Жылы суға өзіңе ұнайтын душқа арналған гельді құйып, 5 минут бойы қолыңды салып отыр. Бұдан өзге суға лимон тамшысын қоссаң, тырнағың ағарады.
2. Егеуіштің көмегімен тырнағыңды бірдей пішінге келтір. Тырнақтың ұзын болуы өте ұнамсыз көрінеді, сол себепті қысқа ұзындықты таңдайық.
3. Бұдан кейін тырнақтың айналасындағы тері қабыршықтарын қиғыш құралдың көмегімен ал. Байқаусызда қанатып алсаң, бірден сутек тотығымен сүрт. Кей жағдайда тырнақ үстіндегі теріні алмай, кейінге қарай ысыруға болады.
4. Артынша әр саусақтағы тырнақтың бетін жұқалап еге. Бұл қандай лак жағылса да, тырнақ бір тегіс болып әдемі көрінуіне септігін тигізеді.
5. Алдымен тырнақты ортасынан, одан кейін екі жағынан жүріп өту керек. Яғни 3 сызық жасаймыз. Мұнымен қатар лакты бірнеше мәрте қабаттап бояуға болады.
Қыз күнделігі: Сәлем, құрбым!
Қыз күнделігі: Бантикті қалай тағамыз?
Қыз күнделігі: Ыдыс жууды ұнатпайсың ба?
Қыз күнделігі: Таңертеңгілік жаттығудың қыздар үшін маңызы
Қыз күнделігі: Жеке бас гигиенасы
Қыз күнделігі: Спорттық жаттығулардың пайдасы
Дайындаған: Томирис Сағындық
Сурет: Massaget.kz