Сәлем, құрбым! Бүгін спорттық жаттығулардың бізге қандай пайдасы тиетіндігін және оның қандай түрлері бар екенін айтамын.
Адам ағзасы үшін спорттық жаттығулардың маңызы зор. Өйткені спорт дегеніміздің өзі – өмір. Кез келген физикалық жаттығу жасау барысында миға миллиондаған жүйке импульстері барады. Осыдан кейін ми өз кезегінде ішкі ағзалардың жұмысын реттейді.
Өзіміздің төзімділігімізді тексерген кезде жүрек-қан тамырлар жүйесі жақсы жұмыс істейді. Бұдан өзге бір сағат бойы жаттығу жасау арқылы шамамен 300- 600 калорийден арылуға болады.
Спорт жаттығуларын жасап салауатты өмір салтын қалыптастырып қана қоймаймыз, мұнымен қатар артық салмақ жинаудан сақ боламыз.
Ең алдымен, өздерің білетіндей спортпен айналысу үшін спорттық киім барынша қолайлы болуы керек.
Қыздардың көбі өмірінде бір рет болмасын секіргішпен ойнаған болар. Ол аяқ бұлшық етін қатайтып, бойдың өсуіне септігін тигізеді.
Ал самакат айдау кезінде ол бір бағытта ғана қозғалатындықтан, түзу жүруге көмектеседі.
Футбол. Бұл қыздардан гөрі жігіттерге жақын спорт түрі болса да, оны ойнау арқылы жылдам жүгіруді үйрене аламыз.
Велосипедті фитнестің бір түріне жатқызуға болады. Ол бұлшық етті жаттықтырып, ағзаның төзімділігін арттырады.
Қыз баласының болмысы нәзік келетіндіктен, кейбір спорт түрлерінен алшақ болғанымыз жөн. Мысалы, бокс қолдың бұлшық еттерін қатайтып, иықтың кеңейуіне әсерін тигізеді. Ал бұл сырт көзге жағымсыздау көрінеді. Бірақ таңдау еркі өзіңде.
Ал сен қандай спорт түрімен айналысасың?
Оқи отырыңыз:
Қыз күнделігі: Сәлем, құрбым!
Қыз күнделігі: Бантикті қалай тағамыз?
Қыз күнделігі: Ыдыс жууды ұнатпайсың ба?
Қыз күнделігі: Таңертеңгілік жаттығудың қыздар үшін маңызы
Қыз күнделігі: Жеке бас гигиенасы
Дайындаған: Томирис Сағындық
Сурет: rudaki.ru