Қазақ қыздары жазда жұқа матадан тігілген тақия кисе, қыстыгүні оны құндыз бөрікпен алмастыратын болған. Қыздардың киімі барынша көрікті етіп аса ұқыптылықпен тігілген. Мұнымен қатар ою-өрнектермен әшекейленіп, түрлі тастармен безендірілген. Шолпыны кестелі бауға тағып, шашпен қосып өретін болған. Бұдан өзге зергерлер майда ою-өрнектерді бедерлеп сызып күміс әшекей-бұйымдар жасаған. Осы киімдерді мүмкіндік болса, дәл қазір киіп, ұзын шашыма сай сылдырлаған шолпы тағып жүрер едім. Әттең...
Қандай киім киюді білмейтіндеріміз интернет беттерін ақтаруға кірісеміз де, имиджімізді өңдеуге көмектесетін жақсы кеңестер табамыз. Бірақ байқасаңдар, Батыс қыздарының сыртқы мүсіні біздікінен әлдеқайда өзгеше.
Ең бірінші, біз үшін стиль сөзінің қандай ұғым білдіретінін анықтауымыз керек. Оны қалыптастыру барысында қаншалықты өзгелердің кеңесіне құлақ асамыз? Біріншілері – ыңғайлылықты таңдаса, екіншілері дресс-кодқа сай болуды жөн көреді. Ал үшіншілері – өзі қалағанындай киініп, өзгелерге үлгі болады. Сендердің ойларыңды білмедім, алайда өз басым үшіншілердің іс-әрекетін құптаймын. Және еш уақытта алғашқы баспалдақта еліктеуден қорықпауымыз керек.
Бүгінгі таңда сән тек жақсы киімдер ұсынып қана қоймай, өзінің өтімділігін арттырып, сатуды мақсат тұтады. Сондықтан киімді таңдауда тек өзімізге сенуіміз керек.
Әдемі киінуді қалай үйренеміз?
Ең алдымен, «бұл сәндегі киім» деген сөзді ұмытуымыз керек. Сұлулық дегеніміз – ұлдарға жат, нағыз қыз баласына тән киімдер кию. Және ол киімнің қымбат болуы басты шарт емес.
Алғашқы образды құрбыларымызбен қыдырғанда, туған туысқандарымыздың үйіне барғанда киюге ыңғайлы. Үстімдегі кеудеше денеме жабысып тұрмайтындықтан, еркін қозғалуға мүмкіндік береді, және гүлді принті барынша нәзік көрінуге мүмкіндік береді. Шынжыр баулы сөмкені көйлек пен кэжуал стиліндегі киіммен де ұстауға болады. Джинс шалбар да өз кезегінде барынша ыңғайлы.
Келесі - алқызыл түсті көйлек. Оны күнделікті тұрмыста немесе қонаққа барғанда кию мүмкін емес. Бірақ концертте өлең айтуда, той-томалаққа киіп баруға әбден болады.
Үшінші образ өте қарапайым. бұл жерде де жайлылық мәселесі ескерілген. Бір түсті киім киген кезде сөмкенің түсі басқа болғаны жөн.
Төртінші образда жайлылыққа қарағанда жинақылық мәселесі ескерілген. Бір түсті кеудеше мен мини белдемшені сабаққа, ресми мекемелерге киіп баруға болады. Бірақ таңдауым мини белдемшелерге түсе бермейді.
Мұнымен қатар күз мезгіліндегі ауа райын ескеріп түрлі мойынорағыш тағуға болады. Оны суреттегідей киімімізге немесе аксессуарымызға үйлестіріп таңдауымыз керек.
Burberry мойынорағышын мектеп жасындағы қыздар мен үлкен әпкелеріміз де тағады.
Және соңында айтарым. Әдетте бір үйде бірнеше қыз болған кезде бір-бірінің киімін кие береді. Сондықтан киім кімдікі болса да, ең алдымен, киімнің денеге қонымды болуын ескеру керек.
Ал сен қалай киінуді жөн көресің?
Оқи отырыңыз:
Қыз күнделігі: Сәлем, құрбым!
Қыз күнделігі: Бантикті қалай тағамыз?
Қыз күнделігі: Ыдыс жууды ұнатпайсың ба?
Қыз күнделігі: Таңертеңгілік жаттығудың қыздар үшін маңызы
Қыз күнделігі: Жеке бас гигиенасы
Дайындаған: Томирис Сағындық
Сурет: Massaget.kz