Кішкентай кезімде күнде таңертең әпкемнің айнаға қарап боянып жатқанын көріп, мен қашан боянады екенмін деп армандайтын едім. Дәл бүгін сол сәт те келген сияқты. Қыздар ерте ме, кеш пе, міндетті түрде сәндік косметиканы қолдануды бастайды. Оны қолданбау маңызды емес, бастысы - дұрыс қолдана білу. Сондықтан төмендегі бірнеше кеңеске назар аударайық.
Опа жақпа. Өтпелі жаста құрғақ опа жағатын болсақ, ол терімізді құрғатып, тесіктерді бітейді. Сондықтан оны реңк беруші креммен алмастыру керек.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ететін құралдарды пайдалан. Теріге реңк беруші кремді жақпас бұрын оны қорғайтын құрал жаққан абзал. Бұл табиғи ингредиенттерден жасалған немесе балаларға арналған крем болуы мүмкін. Ол терінің ылғалдылығын сақтап, ерте қартаюдан қорғайды.
Кірпікті бояуға арналған сүрме тек өзімізге ғана тиесілі болуы керек. Косметолог және дерматолог мамандар осыған байланысты демодекоз ауруының бар екенін айтады. Бұл ауру паразит кененің себебінен туындайды. Артынша бұл паразит теріні қызартып, ісітеді.
Визажист маманға бару. Боянуымыз тым дөрекі көрінбес үшін арнайы мамандардың көмегіне жүгінгеніміз жөн. Ол күнделікті және мерекелік макияждың айырмашылығын түсіндіріп, бет-әлпетіміздің ерекшелігіне сай боянуды үйретеді.
Макияжды кетіру барысында сабынды пайдаланба. Ең дұрысы – косметиканы жуынуға арналған құралдың көмегімен сүрту.
Татуажға жоқ дейміз. Осы күндері қатарластарымның сұлу болу үшін жасандылыққа бой ұратынын байқаймын. Айнадан өзімізге сұлу болып көрінгенімізбен, табиғилықтан асқан сұлулық жоқ екенін ұмытпайық.
Оқи отырыңыз:
Қыз күнделігі: Сәлем, құрбым!
Қыз күнделігі: Бантикті қалай тағамыз?
Қыз күнделігі: Ыдыс жууды ұнатпайсың ба?
Қыз күнделігі: Таңертеңгілік жаттығудың қыздар үшін маңызы
Қыз күнделігі: Жеке бас гигиенасы
Қыз күнделігі: Спорттық жаттығулардың пайдасы
Қыз күнделігі: Тырнақ күтімі
Қыз күнделігі: Бет күтімі
Дайындаған: Томирис Сағындық
Сурет: Massaget.kz