Қыран құс 100 жылға дейін өмір сүреді

Қыран - жыртқыш құс. «Қыран» сөзінің мағынасы — бүркіт, қаршыға, қырғи, ителгі сияқты алғыр құстардың жалпы атауы. Қазақ халқы қыран құстарды қашанда киелі санайды. Қыран құстар ғалымдардың есептеуінше 100 жылға дейін өмір сүреді. Қазақ құсбегілері бүркіт жасын былайша есептейді.
1 жасында – балапан
2 жасында – қан түбіт
3 жасында – тірнек
4 жасында – тас түлек
5 жасында – мұз балақ
6 жасында – көк түбіт
7 жасында – қана
8 жасында – Жана
9 жасында – май түбіт
10 жасында – барқын
11 жасында – баршын
12 жасында – шөгел.

Шамамен 40 жыл өмір сүргеннен соң қырандардың өмірі түбегейлі өзгеріске ұшырайды. Тырнақтары қатты өсіп кеткендіктен, аң аулауға шамасы келмейді. Олар өз өмірін сақтап қалу үшін тау басына шығып, тырнағын тасқа ұрады. Сөйтіп сынған тырнақтың орнына мықты, әрі қатты тырнақ өседі. Жаңа тырнақтары өскеннен соң, олар ауыр қауырсындарынан құтылады. 5 айға жалғасатын осындай ауыр күндерінен өтсе, тағы қиналмай 30 жыл өмір сүреді, тіпті одан да көп.

Сурет: hqwallpapers.ru, lenagold.ru