- Негізгі бет
- Жаднама
- Құрамында уы бар...
Құрамында уы бар күнделікті жейтін өнімдер
Өмір бойы адам әртүрлі өнімді жейді. Олардың арасында көбінесе денсаулыққа өте зиянды тағамдар да болады. Мысалы, фаст-фуд ағзаға зиянды тамақ. Ол семіздік пен жүрек проблемаларына әкеліп қана қоймай, сонымен қатар миға әсер етіп, деменцияның дамуына себепші болатыны ғылыми дәлелденген.
Дегенмен, кейбір жағдайларда картоп пен алма сияқты кең таралған және пайдалы деп саналатын өнімдер де адам үшін қауіпті болуы мүмкін. Себебі, олардың құрамында қауіпті улы заттар бар. Сонымен қандай танымал өнімдерде у бар және уланып қалмау үшін не істеу керек екенін білейік.
Неліктен көгерген картоп жеуге болмайды?
Картоптың өзі қауіпті емес, бірақ оның бетінде жасыл дақтар пайда болса, немесе кішкентай "мүйіздер" пайда бола бастаса сақ болған жөн. Қабықтың жасыл дағы оның ұзақ уақыт бойы күн астында болғанын және улы соланиннің пайда болғанын көрсетеді. Мұндай картопты жегенде ағза уланады, адамда галлюцинация пайда болады. Бұл удың ащы дәмі бар, сондықтан кез келген адамның ащы картопты жеп қоюы екіталай.
Картоптағы соланиннен тек 250 градус Цельсийге дейін қыздыру арқылы құтылуға болады. Бұл қайнату және қуыру ешқандай жолмен көмектеспейтінін білдіреді. Тым болмаса көгерген, шіріген бөлігін кесіп тастау керек. Ал картоптың көп бөлігі көгерген болса, оны тастаған дұрыс.
Неліктен шие дәнін жеуге болмайды?
Шиедегі дәнінде амигдалин бар. Ішке түскен кезде бұл зат цианид бөледі. Оны ХХ ғасырда кеміргіштерге қарсы у ретінде қолданған. Егер адам кездейсоқ бірнеше дәнді жеп қойса ештеңе болмауы мүмкін. Бірақ доза ұлғайған сайын, улану белгілері міндетті түрде пайда бола бастайды. Алдымен қан қысымы жоғарылап, бас айналады.
Неліктен алма дәнін жеуге болмайды?
Алма мен оның қабығы өте пайдалы. Оның құрамында дәрумендер: магний, фосфор, йод, темір және т.б. минералдар бар. Бұл дәрумендер күш береді, көңіл-күйді жақсартады, миды ынталандырады. Кейбір адамдар алманы жақсы көретіні сонша, оны түк қалдырмай жейді. Бірақ алма дәнін жеуге болмайды. Өйткені, алма тұқымдарында цианидке айналатын циан қышқылы бар. Ғалымдардың айтуынша, бір дәнде 0,4 миллиграмм улы зат түзілуі мүмкін.
Бұршақтың зияны
Бұршақ өте пайдалы, өйткені оның құрамында 25% ақуыз бар. Сонымен бірге, бұршақ құрамында қандағы глюкоза деңгейін қалыпқа келтіретін және жүрек-қан тамырлары ауруларының даму қаупін азайтатын қышқылдар бар. Дегенмен, кез келген бұршақтың құрамында фитогемагглютинин де бар. Егер адам бұршақ жеп, содан кейін лас ауамен қаланы араласа, оның ағзасына көбірек зиянды заттар түседі.
Фитогемагглютинин жоғары температура әсерінен жойылатын зат. Сондықтан ол ағзаны уламауы үшін алдымен бұршақты жылы суға салып қою керек.
Саңырауқұлақ
Кейбір жағдайларда жеуге жарамды саңырауқұлақтар қауіпті болуы мүмкін, Өйткені олар өскен жердегі топырақта кездесетін зиянды заттарды сіңіреді. Сондықтан жолдар мен зауыттардың жанында өсетін саңырауқұлақтардан аулақ болған дұрыс.
Т. Раушанұлы