Бір жан бар, адамдықтың шыңына жеткен, ол – ұстаз. Бір мамандық бар, жүз маманның жасағаны жете алмайтын, ол – ұстаздық. Мұғалім бола салу оңайдың оңайы, ал жақсы мұғалім болу мыңның біріне ғана бұйырады...
Ұстаз деген кім? Ол қандай болуы керек? Қалай жақсы ұстаз болуға болады? Дәл осы сауалдарға ойшылдардың сөздерінен жауап іздеп көрейік...
Адамның адамгершілігі жақсы ұстаздан болады. А. Құнанбайұлы
Ұстаздық қылған жалықпас,
Үйретуден балаға. А. Құнанбайұлы
Ұстаздық мінез-құлық нормасы мынадай болуға тиіс: ол тым қатал да болмауға тиіс, тым ырыққа да жығыла бермеуі керек, өйткені тым қаталдық шәкіртті өзіне қарсы қояды, ал тым ырыққа көне беру ұстаздың қадірін кетіреді, оның берген сабағы мен оның ғылымына шәкірті селұос қарайтын болады. Ұстаз тарапынан барынша ынталық пен табандылық қажет. Өйткені, бұлар, жұрт айтқандай, тамшымен тас тесетін бейнебір – су тәрізді. Әл-Фараби
Оқушы жастардың ең сенімді ұстазы, сыр жасырмай ашық айтатын адамы – мұғалім. Ғ. Мүсірепов
Оқытушы әлеуметтік әділеттіктің, адамгершіліктің жаршысы болуға тиіс. С. Көбеев
Шәкірті жоқ ұстаз – мылқау ұстаз. Ы. Жақаев
Ұстаздың абырой болмаса – шәкірттері оның сақалымен ойнайды. С. Сараи
Көпті үлгілі болсын десең, оның алдында өзің де үлгілі бол. Беделдің келуі қиын, кетуі оңай. Ы. Жақаев
Жалғыз екенсің, артыңнан ерген ізбасарың жоқ екен, онда құның шамалы, шәкіртсіз ұстаз да бұтақсыз ағаш сияқты. Ы.Жақаев
Мұғалім әділ де турашыл, жоғары мәдениетті де, салмақты, сыпайы да, әдепті, кішіпейіл болуға, таза киініп, таза жүруге тиісті. М. Ғабдулин
Алдыңғы жақсы артқы жасқа тәлім айтпаса, ел болғаның қайсы? М. Әуезов
Ұстаз деген ұлағатты атауды естігенде, күні бүгінге дейін өзімді шәкірттей сезінемін. С. Қожамқұлов
Мұғалім. Бұл адамның ардақты аты,
Білімдік бар биікке шығар саты.
Ең алғаш басталады осы адамнан,
Сүйеді сондықтан да жақын, жаты...
Бар ғалым, барлық қоғам мұғалімді,
Сыйлайды, мәңгі бақи беріп төрін. С. Мұқанов
Ойдағыдай тәрбиелеудің сыры оқушыға деген құрмет сезімінде жатыр. Ралф Уолдо Эмерсон
Жақсы үлгі-өнеге көрсеткенде ғана адамның қолы биік арманға жетеді. С. Цвейг
Тәрбиеші төре емес, ондай болса ұстаз бола алмайды. К.Ушинский
Тәрбиеші болу үшін адамның жан дүниелік қасиеттері пәктік, ізгілік, әділеттік сияқты сөздерімен байланысты сипатталауы қажет. Е. Букетов
Мұғалім – өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқанымен оның мұғалімдігі де жойылады. К. Ушинский
Егер мұғалім өз бойында іс пен шәкірттеріне деген сүйіспеншілікті біріктірген болса, ол – кемел ұстаз. К. Ушинский
Мұғалім – зор тұлға, ол күннің құдіретті сәулесі сияқты. К. Ушинский
Нашар ұстаз шындықты қайталайды, жақсы ұстаз сол шындықті іздеп табуға үйретеді. А. Дистервег
Мұғалім – оқушы үшін ең жоғары адамгершіліктің үлгісі. Сондықтан да ол оқушы жүрегінде ұмтылмас із қалдырады. Н. Добролюбов
Өз шәкірттерін еңбектен қуаныш табуға үйрете білген ұстаздың мерейі үстем. К. Хаббард
Ана сүтін дене үшін табиғат әзірлейді, рух үшін оны біздің мұғалімдеріміз әзірлейді. Г. Лихтенберг
Педагог – бұл жас ұрапақтың бойына ғасырлар бойы жинақталған барлық асылдарды сіңіруші, ал оларды соқыр сезімдерден, жамандықтардан және жұқпалы мерездерден аулақтатушы адам. А. Луначарский
Жақсы оқытушы болуың үшін оқытатыныңды да, оқушыларды да сүюің керек. В. Ключевский
Мұғалімге сөз өз ойын сапырылыстырып айту үшін берілмейді, басқаның ойына қозғау салу үшін беріледі. В. Ключевский
Тәрбиешінің шеберлігі музыкант қажет ететін ерекше бір өнер емес, бірақ ол дәрігер мен музыкантты шеберлікке баулитындай етіп үйретуді қажет ететін мамандық. А. Макаренко
Мұғалімнің бүкіл мақтанышы – шәкірттерінде, өзі шашқан ұрпақтарының өсіп-өнуінде. Д. Менделеев
Мұғалім – мәңгі нұрдың қызметшісі, ол барлық ой мен қимыл-әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі. Ян Коменский
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева
Сурет: atipozdravil.ru