Сүт – әрқайсымызға бала кезімізден таныс өнім. Алайда жақында оған деген көзқарас өзгерді: егер бұрын сүт априори пайдалы деп саналса, енді бұл сусынның да кемшіліктері бар екені белгілі болды. Кейбір диетологтар ересектер сүттен мүлдем бас тарту керек деп санайды.
Ендеше күнделікті бір стақан сүт ішуді әдетке айналдырсаңыз, ағзаңызда қандай өзгерістер болатынын анықтап көрейік.
© inlifehealthcare.com
Салмақ қосасыз
Диетолог Олег Кривченковтың айтуынша, сүт, негізінен, салмақты мүмкіндігінше тез арттыруға көмектеседі.
"Сүт құрамында жоғары калориялы көмірсулар, негізінен дисахаридтер және сусынға ақ түс беретін май суспензиясы бар. Сиыр сүтінде бұлшықет массасының өсуін ынталандыратын гормондар мен дәрумендер бар. Бұл биологиялық мағынада бұзау тез орнынан тұрып, қауіптен қашып кетуі үшін қажет. Дәл осындай нәрсе адам ағзасында болып, салмақ қосылады. Егер сүтті тұрақты түрде ішетін болсаңыз ғана семіресіз. Артық май жинамау үшін спортпен айналысу керек. Бодибилдер бұлшықет өсіру үшін сүт ішеді", - дейді дәрігер.
Сондықтан сүтті жақсы көретін болсаңыз, физикалық белсенділікті жақсы көруіңіз керек.
Өзіңізді жүрек және қан тамырлары ауруларынан қорғайсыз
Ғалымдар анықтағандай сүт жүрек пен қан тамырларына пайдалы. Аустралия мен Ұлыбританияның бірнеше университеттерінің сарапшылары 2 миллионға жуық адамның деректерін пайдаланған үш үлкен популяциялық зерттеуді талдап, күніне бір стақан сүт ішетін адамдарда инсульт пен жүректің ишемиялық ауруы қаупі 14% төмендейді деген қорытындыға келді.
Тісіңіз бен сүйектеріңіз қатаяды
Сау тістер мен сүйектер үшін негізгі минералдардың бірі – кальций. Ал сүт, кальцийдің негізгі көздерінің бірі.
Ересек адам үшін кальцийдің тәуліктік мөлшері 1000-1200 мг екенін ескеріңіз. Ал 100 г сиыр сүтінде шамамен 120 мг кальций бар.
Дегенмен, бұл жерде маңызды нюанс бар: сүттен алынған кальций лактозаға төзбеушіліктен зардап шекпейтіндерге ғана жақсы сіңеді.
© Getty Images
Ұйқы қанық болады
Сүтте ұйқының негізгі реттегіші – мелатонинге қажетті триптофан бар. Сондықтан, жылы сүт ұзақ уақыт ұйықтай алмайтындарға шынымен көмектеседі.
Бірақ ұйықтар алдында бір стақан сүт ішуге болмайды, әйтпесе түнде оянып, дәретханаға жүгіру қаупі бар.
Қатерлі ісікке шалдығу ықтималдығы жоғары
Өкінішке орай, ғалымдар күнделікті бір стақан сүт сүт безі қатерлі ісігіне шалдығу ықтималдығын арттыратынын айтады.
Ұлттық онкологиялық институт пен Ұлыбританияның Дүниежүзілік онкологиялық зерттеулер қорының қолдауымен жүргізілген зерттеу аясында ғалымдар 8 жыл ішінде 50 000-нан астам әйелдің деректеріне талдау жасады. Экспериментке қатысушылардың жартысы вегетариандық диетаны ұстанып, соя сүтіне ауысса, қалғандары мал өнімдерін, оның ішінде сиыр сүтін ішкен.
Ақырында, сүтті күнделікті тұтыну сүт безі қатерлі ісігінің қаупін 80 пайызға дейін арттыратыны анықталды.