Уақыт шіркіннің өзен суы сынды жылдамдықпен ағып жататын уақытта саналы адам барлығына үлгеріп қалуды ойлайтыны сөзсіз. Ол үшін әрине күнді ерте бастап, ойға алған істі ерте бітіру керек. Таңертең кім ерте тұрса, сол бәріне үлгермек. Бұны дәлелдеп жатудың өзі артық.
Оқымыстылар күнді сағат нешеден бастап, нешеде аяқтау керектігін айтты. Олардың айтуынша адамдар уақытын үнемдеу үшін, таңғы 06:00-де ұйқыдан тұруы шарт. Бұл пікірді физиолог мамандар да қуаттайды. Сонымен мамандардың пікірінше күн тәртібі былайша өрбуі тиіс:
07:00 – таңғы ас ішу уақыты.
07:15 – сергек жүру үшін әртүрлі дәрумен ішу керектігін алға тартады.
7:30 – тіс тазалау уақыты.
8:30 – ұйқы ашу үшін ваннаға яки душқа түсіп алу уақыты.
10:00 – орындау керек ісіңізге білек сыбана кірісетін уақыт. Басқа ұсақ-түйек жұмыстарға бас қатырмаңыз.
13:00 – түскі ас уақыты. Түскі асты бұдан кешіктірмеңіз. Себебі, бұдан кешіктірсеңіз астың берекесі болмайды.
13:30 – маңызды деген электронды хаттарды жіберу немесе басқа да бірінші істелуі керек жұмыстарды атқаратын уақыт.
15:00 – жұмыстан аз-мұз сергу үшін серуендеу уақыты.
16:00 – мамандардың пайымдауынша, бұл өзіңіз қалаған нәрсемен шұғылданатын уақыт.
17:30 – физикалық жаттығу жасайтын уақыт.
18:30 – бұл шопинг жасауға таптырмайтын уақыт.
19:30 – кешкі ас ішетін уақыт.
Ал, сағат 21:30-да ұйықтауға дайындалу керек. Әрине, бұл жерде әркімнің өз ерік қалауы. Десек те күніңізді ерте бастап, ойға алған істерді ертерек бітірсек көп нәсреге үлгеруге болатындығын жоққа шығара алмаймыз. Мұнымен келіспесеңіз өзіңізге арнайы кесте құрып, сол бойынша әрекет жасасаңыз да болады. Ең бастысы – күніңіздің сәтті әм сәтсіз өтуіне өзіңіз себепші екеніңізді ұмытпаңыз.