"Кунг-Фу Панда" мультфильмін көрген шығарсың. Теңдессіз хитке сөз жоқ дегіңіз келер. Керемет қалжыңдар мен (ұят тұстары жоқ) графика ұштастырылған позитивті мультикті сізді қайдам, өз басым бар зейінмен тамашаладым. Түсірілім талғамына бар өнерді салғаны соншалықты, кино көріп отырғандай әсерде болады екенсіз. Міне, осы тұста моп-момақан, ап-аңғал қонжығымыздың сабақтарына тағы бір үңілейікші.
1. Өткен күнді босат немесе еркіне жібер
Бас кейіпкер түн бойына қорқынышты түстер көріп, мазасыз күйді кешу барысында ата-анасы өзін сүймеген деген ойға келеді. Өткен күннің осы бір қалдықтары оған "жан тыныштығын" табуға кедергі жасап, шеберлік шыңына көтерілуіне әр уақытта тосқауыл бола береді.
Адамдар көбіне өткен күнге қатты байланғаны соншалықты, олар адамға шынайылықты көруге кедергі келтіріп, болашақтың алдын қақпайлай береді. Ал көпшілігі осы тұста сол өмірді сүріп келуде. Өткен күнді жай ғана қабылдап, ол турасында уайымдаудың қажеті шамалы. Бәрібір де өткен күнге қайта орала алмайсың және уақыт машинасы деген ұғым әлі қалыптаса қойған жоқ. Уайым жеу арқылы, өкіну мен мұңға батудың салдарынан біз өзіміздегі болашақта өте-мөте қажет болатын ментальді энергияны текке сарқамыз.
2. Қателік жаса
Бір жағынан алып қарасаң, онда По – барып тұрған ақымақ. Бірақ ол жай ғана көп қателік жасайды: қаладан қашу, зұлым күшпен және қарумен күрес, Шеня сарайынан қашып шығу. Алайда, біздің Панда қателік жасаудан қашпайды, ақырында бұл қылығы жетістікке ұласады.
Қателіктер - біз тегін ала алатын маңызды сабақ әрі ынталылық (стимул). Бірақ, соған қарамастан, көпшілік адамдар өз қателіктерін өткен күнмен байланыстырып, бір орында салдары суға кеткен күйі қалып қоя беретіні несі?
3. Алға жүр
По өз айтқанынан қайтпады: ол Кунг-Фуды құтқармаған жағдайда, құрып кетудің аз-ақ алдында еді. Мысал ретінде Қолтырауын шебер мен Мүйізтұмсық шебердің шайқасудың орнына әрекетсіздік танытып, абақтының төрінде жатып алғаны келтіріледі.
Алға жүріс қылмасақ, жай ғана кері кетеміз. Артық ауызсыз - деградация.
4. Жақындарыңды бағала
Кенет, біздің қорбаңбай әке-қаздың өз әкесі еместігін анықтайды. По өз ата-анасын қатты көргісі келеді, бірақ, жоғалтып алған өкінішін түсініп, есесіне, өзіне көп нәрсені үйреткен асырап алған әкесін одан бетер жақсы көре түседі.
Жақындарымыз бен өзіміз жақсы көретін жандар қасымызда жүргенде, әр сәттің қадірін білуіміз қажет. Себебі, олардың қолдауынсыз және махаббатынсыз біздер жай ғана өз-өзіміздің ашулы көлеңкеміз ғана болар едік. Ақырында, тоты құсқа не болғанын қараңызшы.
5. "Жан тыныштығына" бөлен
Қонжығымыз ұзақ уақыт шебердің білігін меңгергісі келді: тамшымен ойын. Сосын, өткенді қабылдап, қош айтысу арқылы махаббат пен өз мақсатын түсініп, өзіне иелік етіп, ақырында өзін және дұшпанын жеңеді.
"Жан тыныштығы" – біздің ішкі дзен, білік, рухани толысу. Бірақ біз оны үнемі жарық күннің астында елей бермейміз. Ойлану, босаңсу және медитация біздерге байсалды көп көмек қылады.
Айтпақшы, бас кейіпкерлерді дыбыстандырғандар: Дастин Хоффман, Анджелина Джоли, Гэри Олдман (әрине, зұлымдар) және Джеки Чан мен Жан Клод Ван Дамм.
Біздің елде болашақта дәл осындай мультик түсірілетініне сенімдімін.