- Негізгі бет
- Жаднама
- Күндер тоқтамайды... Айлар...
Күндер тоқтамайды... Айлар аялдамайды...
Көпшілік адам күндердің қалай зымырап өтіп жатқанына қарап таңырқап жатады. Шындығына келсек, бұл өтіп жатқан күндер емес, кәдімгі біздің өтіп жатқан өміріміз еді. Назарларыңыздағы иллюстрациялық 8 суретке қарап, өмірдің қаншалықты тез өтіп жатқаны туралы бір сәт ойланыңыз. Бос нәрсеге уақытыңызды жұмсамаңыз! Біз ұсынған суреттер осыны меңзейді.
90 жылдық адам өмірі жыл бойынша:
90 жылдық адам өмірі ай бойынша: (әр бағанда 36 ай=3 жыл)
90 жылдық адам өмірі апта бойынша:
90 жылдық адам өмірі күн бойынша: (әр 2 баған – 1 жыл, әр бөлім – 10 жыл)
Егер сіз 34 жаста болсаңыз, онда 90 жасқа дейін сіздің 56 қысыңыз бар:
Сондай-ақ 56 жазыңыз бар:
Егер сіз жылына 5 кітап оқитын болсаңыз, 90 жасқа дейін 300-ден астам кітап оқисыз:
Ең өкініштісі, егер сіз 34-те болсаңыз және ата-анаңыздан бөлең тұрсаңыз, орта есеппен олармен 300 күндей бірге бола аласыз:
Мектеп бітіргенге дейін сіз ата-анаңызбен бірге өткізетін уақыттың 93%-ын пайдаланып қойдыңыз. 34 жастан кейін сіз сол қалған уақыттың 5-6% ғана пайдалана аласыз.
Иә, өмір дегеніңіз қас-қағым сәт. Көзді ашып жұмғанша уақыт зулап өте шығады. Күндер тоқтамайды... Айлар аялдамайды... Жылдар жүйткіп өтіп кетеді. Сондықтан әр сәтті бағалаңыз! Бұл күннің енді қайта келмейтінін ойлаңыз! Әр шақтың, әр сәттің, әр уақыттың берер өз жемісі бар. Тек соны дер кезінде пайдалана білген жөн.
Ж. Жұмағұлов