Сағат 9-дан бастап кешкі 6-ға дейін жұмыс графигі өнімді жұмыс жасауға толықтай жететін уақыт кестесі. Өнімді жұмыс жасайтын жұмысшылары бар мемлекеттің жұмыс кестесі қысқа болады. Мәселен, Люксембургте адамдар аптасына 30 сағат жұмыс жасайды. Кейбір адамдар 3-5 сағаттың ішінде бітіретін шаруаға көптеген адамдар 10-12 сағат уақытын жұмсап шаруасын тиянақты бітіре алмайды да. Сонымен тиімді жұмыс жасаудың бірнеше әдістерін көрсетейік.
Жұмысқа, шаруаға барынша берілу қажет
Жұмыс жасауға 1-3 сағат бойы толықтай беріліңіз, ойыңызды жинақтап, өзге нәрселерге көңіл бөлмей, алаңдамай кірісуіңіз керек. Бодибилдерлер мен фитнес жаттықтырушылары ұзақ уақытқа созылған жаттығуға қарағанда қысқы, жылдам жаттығулар адам ағзасына тиімді әсер ететіндігін айтады.
Ұйқыдан тұрған соң жұмыс жасаңыз
Адам ұйқыдан тұрған соң алғашқы 3 сағат уақыттың тәуліктің өзге мезгілдеріне қарағанда әлдеқайда құнды, өнімді саналады. Ерте тұрғанның ырысы мол деген осы. Жұмысыңызда береке болсын десеңіз, ырысы мол уақыт мезетін таңдай біліңіз.
Психолог Рон Фридман таңғы 5-те ұйқыдан тұрып бірден кітапханаға аттанатынын, онда 3 сағат брйы кітап оқумен, докторлық диссертацияны жазумен, кітап құрастырумен, ғылыммен айналысатындығын айтады.
Дұрыс демалу
Тиімді жұмыс жасаудың формалусы өте қарапайым: шаруаны аз уақыттың ішінде жылдам бітіру, ал қалған уақытта дұрыстап демалу. Дұрыстап демалсаңыз, интеллектуалдық, физиологиялық күш-қуатыңыз қалпына келеді. Ұзақ уақыт бойы жұмыс жасаудың қажеті де жоқ, ұзақ жұмыс процесі адамды шаршатады, жаңа идеялардан қағылтады.
Зерттеулер дәлелдегендей, адамдардың тек 16% ғана жұмыс орнында өз идеяларын тудыра алады. Әдетте, адамға идея демалыс уақытында, дұрыс тыныққанда, серуендеген уақытта туады. Ой қозғалыспен тығыз байланысты. Адам қозғалса, идея да, ой да келе бастайды. Жол жүргенде адамның қиялданатындығы, өткенін есіне түсетіндігі де содан.