- Негізгі бет
- Жаднама
- Күлдіруден бүлдіру оңай......
Күлдіруден бүлдіру оңай...
Адам баласы болғасын сан қилы қасиетке иеміз. Әр тұлғаның өзіне тән түрлі мінез-құлқы бар. Ең қиыны адам психологиясының тұрақтылығын табу. Кез келген сәтте құбылып кететін көңілдің кейде қабағынан қар жауса кейде күлімдеп күн шығады.
Сонымен күлдіруден бүлдіру оңай...
Күнделікті өмірде тосын жайлар көп. Бірде күліп жүреміз, бірде жылаймыз. Бірақ осы бір-біріне кереғар екі ұғымның біріне маңдай термен әрең дегенде қол жеткізсек, бірін әп-сәтте орындай саламыз.
Күліп отырған сәбидің қолынан ойыншығын жұлып алу, жылап отырған кезінде жұбатып, күлдіруден әлдеқайда оңай.
Енді өркен жайып келе жатқан баланың бетін қағу, оны қайта өмірге жігерлендіруден қиын.
Жақсылық жасауға қарағанда жамандық жасау өте тез әрі оңай.
Өз ләззатыңыз үшін де жақсылық жасап оны жоқ қылу оңай: қыс кезінде терлеп-тепшіп жүріп жасаған аққалаңызды қайта бұзасыз, бүлдіресіз. Бүлдіріп жатып сіз еңбектің қандай жолмен келгенін ұмытасыз. Өйткені сіз тек сол сәттің өзінде ғана рахаттанып тұрсыз.
Ата-анаңызға қуаныш сыйлап, оларды күлдіру зор мақсат әлде алынбас қамал секілді сезіледі. Ал бәрін бүлдіріп, бүлік жасау оңай әрі жиі болады.
Жақсы көретін жаныңызды ренжітіп алып, оны қайта күлдіру тым жасанды. Өйткені бір қалған көңілдің қайта орнына келуі өте қиын.
Жасаған қателікті қазбалай беру оңай, бірақ кешіру қиын.
Ғұмыр бойы еңбек етіп, ең соңында сүрініп кету оңай, ал оны сол қалпында сақтап қалу қиын.
Өмірдің өзі күлкіге толы, бірақ оны бүлдіріп алатын өзіміз.
Аталған дүниелер күнделікті өмірде орын алатын, бізге білінбейтін жағдайлар. Дәл сол еленбеген әрі мән бермегендіктің кесірінен біз бүлдіріп жатамыз. Бірақ ол күлдіру емес.