Америкалық ғалымдардың соңғы зерттеуі кітап оқу адам өмірін ұзартатынын көрсетті. Олар әдебиетке деген сүйіспеншілік адамның зияткерлік деңгейіне оң әсер етіп қана қоймай, оның өмірін де ұзартатынын алға тартып отыр.
Йель университетінің қызметкерлері көп жылдық зерттеу жүргізді, нәтижесінде көп оқитын адамдар кітап оқымайтындарға қарағанда, орташа екі жыл артық өмір сүретінін көрсеткен.
Экспериментке шамамен 50 жас шамасындағы 3500 адам қатысқан. Олар кітап оқуға уақыт бөлуіне қарай үш топқа бөлген. Ғалымдар олардың денсаулығын 12 жыл бақылаған. Нәтижесінде, эксперимент соңында кітапты сүйіп оқитындар арасында өлім-жітім деңгейі 23 пайызға төмен болып шыққанын айтып отыр.
Айтқандай, кітапты сүйіп оқитындар білімі де, табысы да жоғары әйелдер қауымы болып табылады.
Дереккөз: inform.kz