- Негізгі бет
- Жаднама
- Кітап не үшін...
Кітап не үшін мәңгі жасайды?
Кітап – қазіргі кезде ең ұлы бірақ ең аз пайдаланылатын зат. Зат екені анық. Бірақ зат ішінде жатқан әрбір рухани дүние сізді он сегіз мың ғаламнан алып шығып шексіз әлемге бастайды. Өкініштісі мұны кеш түсінетін – біз.
Кітап мәңгі жасайды
Кітаптың тарихы сонау Мысыр жерінде, Римде пайда болған папирус қағаздарымен байланысты. Сондықтан болар оның бүгінге дейін жоғалып кетпей әлі де жасап келе жатқандығын оның мәңгі жасайтындығының кепілі. Ал кітаптың мәңгі жайтынын қазіргі көзқараспен қалай суреттеуге болады.
Кітап оқу үшін қуат көзін іздеудің қажеті жоқ;
Кітапқа ешқандай WiFi не желінің керегі жоқ;
Кітап сатып алу үшін несие алып немесе көп ақшаға батудың да қажеті жоқ;
Кітап оқу көзге, миға не ағзаға зиян келтірмейді;
Кітап жер не ел не орын таңдамайды. Тіпті адам да таңдамайды;
Кітап оқу үшін ғаламтор дүкендерінен қажеттілікті сатып алудың қажеті жоқ;
Кітап өлмейтін және оқылмай қалса тозатын сыйлық;
Кітап ғұмыры шектелуі емес. Оған ешқандай кепілдік жүрмейді. Себебі ол мәңгілік;
Кітапқа құлаққап, арнайы қапшық немесе қуат көзі керек емес;
Ешбір техниканың қажеттілігінсіз, ешбір құрылғысыз сапалы жұмыс жасайтын дүние осы – кітап. Оған көп күш керек емес. Бір-ақ нәрсе керек: оқу.
М. Ақан