Басы
Қазақстан азаматтары шетелге шыққанда немесе шығарда қандай ережелерді білу керек? Шетелде саяхаттау кезінде келеңсіз жағдайға тап болмас үшін Қазақстан азаматы қандай қағидаларды білуге міндетті? Назарыңызға шетелге шығуды жоспарлап жүрген, шетелде жүрген қазақстандықтар үшін түрлі кеңестер ұсынылған ҚР Сыртқы істер министрлігінің нұсқаулығын ұсынамыз.
ІІІ. Жолда
Ұшақтағы қауіпсіздік талаптарының қатаюы мен жеке заттардың мұқият тексерілетініне байланысты алып жүруге тыйым салынған заттардың тізімін анықтап алыңыз. Қол жүгіңізде тескіш пен кескіш заттарды, қаруға ұқсайтын балалардың ойыншықтары мен басқа заттарды алып жүруге болмайтынын есіңізден шығармаңыз. Америка мен Еуропа елдерінде қол жүгіне қатысты қарапайым шектеулерден басқа жолаушыларды тексергенге дейін өзіңізбен бірге алып барған және сатып алған сұйық, қоймалжың заттарды алып жүруге шектеу бар.
Әуежайда кедендік декларацияны толтыруды ұмытып кетпеңіз. Алайда есіңізде болсын, әр ел алып кіретін ақшаға шектеуді өзі қояды. Сондықтан алып кіретін ақшаның бір бөлігін банктік карточкамен, жол чекімен және басқа құралдармен алып жүрген жөн. Өткізген жүктің талоны жүк жоғалып қалған жағдайда міндетті түрде керек болатындықтан оны сақтап қою керек. Ұшақтың билетін, паспортты, ақшаны және басқа құнды заттарды өзіңізбен бірге алып жүргеніңіз дұрыс.
Шет елде паспортық тексеру бекетінен өтер кезде паспортпен бірге сапарыңызға байланысты басқа құжаттардың (баратын адамның/ұйымның шақыруы, қонақ үйдегі брон және т.б.) болғаны жөн.
Шет елге барғанда кездейсоқ адамдардың жүк салмағым асып кетіп тұр деген сылтаумен тексеру бекеттерінен затарды өткізіп беру туралы өтінішін орындамаңыз және танымайтын адамдардан беріп жіберетін зат (хат, жіберілім, жүк және т.б.) алмаңыз, олар есірткіні, жарылғыш құралдарды, улаушы заттар мен қауіпті аурулардың қоздырғыштарын заңсыз тасу үшін құпия жасырғыш ретінде қолданылуы мүмкін.
Жалғасы