Жаз шыға күннен қорғайтын көзілдіріктер сатып ала бастаймыз. Өзімізге жарасатынын, сәнді көрінетінін таңдаймыз. Осыларды басты назарға алып, оның сапасын, көзге әсерін ұмытып кетіп жатамыз.
Көзілдірік сіздің сұлулығыңызды айқындап қана қоймай, көзіңізді күннен бөлінетін ультракүлгін сәулелерден де қорғайды. Сондықтан да оның сапасына баса мән берген жөн.
Көзәйнек таңдағанда оның неден жасалғанына мән беріңіз. Себебі әдемілік пен стильден бұрын, денсаулық қымбат. Көлемі өте кішкентай көзәйнектер сәнді көрінгенімен, көзге зиян. Себебі оның күннен қорғау мүмкіндігі өте төмен.
Көзді күннен қорғайтын көзілдірітер шыныдан емес, пластиктен жасалып, арнайы линзалар мен қаптауыштардан қапталғаны дұрыс. Себебі мұндай көзілдіріктер ыңғайлы, әрі жеңіл болады. Ал олардың сапасын сіз тек тағып көріп қана біле аласыз.
Көзілдірікті таққанда көзіңізге ыңғайлы, тік сызықтары бірдей, көзді бұлдыратып көрсетпеуі қажет. Бір затты немесе шүберекті үстелге қойып қарап көріңіз, таңдалған заттың құрылымы аздап қана бұрмаланса, линзаның жақсы болғаны.Таңдағанда (шиша линзаларымен) ең бірінші оның маркасына мән беріңіз. «UV-A» және «UV-В» (ultraviolet) ультракүлгін сәулелерден қорғау пайызын көрсетеді. Ал осының ішінде «В» тобындағы көзілдіріктер көбіне көзге зиян болып келеді. Сонымен қатар «400 нм» деген жазуды да көзіңіз шалуы мүмкін. Бұл көзілдіріктің көзіңізді күннен қорғау мүмкіндігін көрсетеді. Ал 400-ден төмен болса, жартылай ғана қорғайды дегенді білдіреді.