- Негізгі бет
- Жаднама
- Көз жасын көлдеткен...
Көз жасын көлдеткен әкенің өсиеті
Әкең сенімен талай рет соқыртеке ойынын ойнаған күндерде, әр рет сен жалма-жан тауып алатынсың. Алайда әкең осы рет ұзақ уақыт жасырынады. Мені іздеме 16 жасқа келген (10 реткі туған күн күлшесін жеген) шағыңда, шешеңнен: «Әкем қайда жасырынған» деп сұра? Бола ма?
Әкең соншалық ұзақ уақыт жасырынғанда, сен сөзсіз әкеңді сағынарсың, солай ма? Алайда әкең кез келген уақытта көріне алмайды, әйтпегенде жеңіліп қалады. Егер сен қатты сағынсаң, әңек көзіңді байлап көрінеді. Өйткені көз байлау, нақтылы көріну емес, сондықтан қағидаға мүлде қайшы келуге болмайды, әкеңнің жеңілмеуі керек. Әкең тек сен тәтті ұйқыға батқан кезде түсіңе кіреді.
Сен әкеңнің суретін сызғанда, мейлі жақсы-жаман болсын, сен әке деп сезінсең, мен - шүбәсіз әкеңмін. Сен әкенің суретін қолыңға алып қарағанда, әкең де саған ұрлана қарайды... Есңіде болсын. Әкең мәңгі сенімен бірге болады! Сен 6 жасқа шыққан сүйкімді қызымсың.
Әкең саған мына істерді тапсырады, атаңа–апаңа және шешеңе қарайлас, әрі, қайырымды бол. Апаңның қыс күндері қолы тілініп кетеді, оған қой майын күзден бастап жағып тұру керек. Атаңның қант құрамы жоғары, атаңды ренжітпе, әр күні атаңа әкенің Жапониядан алып келген дәрісін ішуді ескертіп отыр. Ақылды балам менің, атаңның дәрісі әлгі жасыл құмырада, шешеңнің қызметі қарбалас, таңертеңгі асқа зауқы соқпайды. Сен шешеңе әр күні сиыр сүтін, болка, жұмыртқа жегізуді есіңнен шығарма. Сонда сен әкемнің бұрынғы істеген істері орынды екен деп ойларсың.
Әкенің ойы, біздің бұл реткі соқыр теке ойынымыз өте ұзақ болғандықтан, атаң, апаң, шешең кей сәттерде әкеңді көре алмайды, олар сөзсіз бір-біріне білдірмей жылайды. Білдірмей жылағандары қағидаға қайшы келгені, үйтсе жеңілгені. Олар білдірмей жылаған сәттерде сен оларды күлдіріп қой, әйтпегенде ойыннан жеңілген болып, олар тіпті де егіліп жылар. Сөзсіз осылай істе жаным, бөпешім менің!
Біз жарысайық, сен керемет қызсың ба, әлі де әкең керемет пе? Дайындалып болдың ба? Жарыс басталды!
Он жыл өткен соң қызының жауап хаты
Қадірменді әке!
Мен сізді таптым!
Әке, сіз білесіз бе? Осы жылдарда мен керемет болдым, шешемнің айтуынша менің істеген істерім әке сізден де керемет болды дейді!
Атам, апам және шешем қағидаға қайшы келген сәттерде мен оларды күлдіруге құлшындым. Оның үстіне атам, апам көмек қажет еткенде, мен сіздің айтуыңыз бойынша момақандықпен істедім. Әке... Мен жеңдім бе?
Алаңдамаңыз, мен өжетпін. Өйткені, менің әкем мәңгі менің жанымда, мен жыласам жылап, күлсем күліп, менің өзгелермен араздасып қалмауымды көріп тұрады деп білемін. Сіз шынында кереметсіз, сіздің көз байлауыңыз мені қайсар етіп өсірді.
Мен бақыттымын. Өйткені атам, апам, әкем мен шешем қасымда! Мен әсте жалғызсырамаймын, әкем де жалғызсырамайды, себебі мен сіздің қасыңыздамын. Сондықтан әке, сіз маған алаңдамаңыз, мен 16 жастағы бойжеткенмін, барлық істерді түсінемін. Әке сіз жұлдызға айналып кеттіңіз, аспаннан маған алаңсыз көз салсаңыз болғаны, әке, мен отбасымыздың суретін сыздым! Сіз бізді сағынған кезде осы суретке қараңыз. Сіз мені сағынған сәтте мен де көзіңізді байлаймын, сіз біздің түсімізге кіресіз.
Әке, мен сізді сүйемін. Өкінерлігі біздің ойынымыз аяқталды.
Әке, мен жеңдім... Мен көз жасымды енді көлдетсем бола ма?
Дайындаған: Сұңқар Ақбоз
Сурет: stihi.ru
M. Auelkhan