Өз ортаңызда көшбасшы болу өте қиын. Өйткені қазіргі ХХІ ғасырда жасанды сананың дамуы екінің бірінің ақылды әрі қабілетті болуына әкеліп жатыр. Тек ең шыдамды әрі мықты дегендері ғана қалады. Ал сол мықтылар жүзеге асыратын сегіз әдісті сіз де пайдаланып көріңіз.
1. Сіздің жаныңызда отырған көршіңіз өзін сондай ақылды әрі қызықты адаммын деп ойласын. Ал ол солай ойлау үшін оған сондай әрекет жасаңыз. Сөйлесіңіз.
2. Адамдар кез келген жағдайда сізбен сөйлескен кезде ешқандай оғаш қасиет байқамасын. Мәселен:
Сөйлемнің соңындағы дауыс ырғағын төмендетіп сөйлеңіз;
Көршіңізге жауап бермес бұрын кем дегенде екі секунд ойланып барып жауа беріңіз;
3. Сөйлесіп тұрған кезде ең керемет сәттер мен жақсы нәрсені ойлаңыз. Себебі бұл жүзіңізге шынайы күлкі үйіреді. Ал шынайы күлкі арқылы жаныңыздағы адамды өзіңізге бағындыра аласыз.
4. Қандай адаммен амандассаңыз да отырған жеріңізден тұрыңыз, бірінші қол беріңіз, бірінші болып амандасыңыз.
5. Тыңдаңыз, ойланыңыз, жауап беріңіз.
6. Екеуара әңгіме болатын, сөйлесетін жерді бірінші болып сіз таңдаңыз. Бірақ таңдаудан қателеспес үшін өте тыныш әрі жайлы жер табыңыз.
7. Адамдық қасиетті сақтауды ұмыт қалдырмаңыз. Ол сіздің басты қаруыңыз.
8. Өз-өзіңізді биік бағалаудан қашыңыз.
1978 жылы Джорджия штатының университет ғалымдары жер бетіндегі адамдардың 70 пайызы осы дертпен ауратынын ескерткен. Яғни адамдар өздерін сондай биік бағалаудан қашқан емес және соның нәтижесінде ұтылып келеді деп түсіндіреді.