- Негізгі бет
- Жаднама
- Көршінің тартуы ...
Көршінің тартуы
Өткен ғасырдың басында жапониялық бір шаңырақ Лос-Анджелес қаласына қоныс аударып, сол арада роза гүлін егіп, күн кешеді. Іргелерінде өздеріне ұқсас роза гүлін егуді кәсіп еткен Шотландиядан келген бір отбасы тұрды. Қажырлы еңбектері мен риясыз көңілдерінің арқасында екі отбасы табысқа жетіп, өсірген роза гүлдері Лос-Анджелес қаласының базарын иеледі.
Қырық жылға жуық берекесі бал жарасып, тату-тәтті өткен осынау екі отбасының ұлдары да ержетіп, фирма басқарып, өз алдарына жұмыс жүргізеді.
1941 жылы 7 желтоқсан Жапония Гавай топ аралын бомбалады. Бұл кезде жапон отбасында отағасынан басқасы АҚШ-тың азаматтығын әлдеқашан алып болған еді. Сол себепті, аласапыран кезеңде жапон шаңырағының отағасы ұсталып кетті. Жағдайдан хабар тапқан шотландиялық көршісі оның үйіне келіп: «Қажет болса, гүл бағыңа қарасайын» дейді. Бұл бейне олардың нанымындағы «Көршіңді өзіңді аялағандай аялай біл» дегеніндей емеурін еді.
Арада көп өтпей, жапон отбасы үй-ішімен Колорода штатының Гранада деп аталатын даласына сүргінге айдалады. Бұл араның төңірегін мұздай қаруланған әскерлер мен темір тор қоршап тұратын-ды.
Тұп-тура үш өтті, бірақ, жапон отбасы бостандық ала алмады. Ал көршісі болса, баяғы сол үйреншікті кәсібімен шұғылданып жатты. Күндер өте келе, ақыры, соғыс та аяқталды. Жапон отбасы мүшелері еркіндік алып, пойызбен мекендеріне оралды.
Оларды, сірә, не күтіп тұр? Жапон отбасындағылар пойыз бекетінде өздерін күтіп тұрған көнекөз көршілерімен құшақтасып табысты. Үйлеріне оралған жапон отбасы мүшелері көз алдындағы жағдайды көріп, қайран қалады. Олардың жайқала өскен роза гүлі күн нұрында құлпырып тұрған еді, үйлері де тап-тұйнақтай ретті тазаланыпты. Осы кезде көршісі банк чегін жапон отағасының қолына ұстатты.
Қонақ залындағы үстелге нарттай қызыл роза гүлі қойылыпты, міне, бұл көршісінің тартқан тартуы еді.
Дайындаған: Сұңқар Ақбоз
Сурет: sina.com.cn
M. Auelkhan