Кейде көңіл күйіміз жабырқаңқы болады. Ауа-райының өзгерісі, біреудің көзқарасы немесе жай шаршаңқылық... Көңіл күйіңізді өзгерткіңіз келе ме?
1. Таныс емес адаммен сөйлесіңіз. Зерттеулер бойынша, басқа адамның көзіне тіке қарау және күлімдеу көңіл күйді бірден көтереді екен. Көшеде немесе автобуста кетіп бара жатқанда тексеріп көрсеңіз болады. Егер таныс емес адаммен сөйлессеңіз, көңіл күйіңіз одан әрі жақсарады. Бұрын да естіген шығарсыз, тағы да қайталап айтамыз: күлімдеңіз! Ол көңіл күйіңізге тікелей әсер етеді.
2. Бір кесе кофе немесе шай ішіңіз. Кофеин көңіл күйді көтере алады.
3. Иығыңызды көтеріңіз. Иығыңызды күшпен құлағыңызға дейін көтеріп, бірден босаңсып жібере салыңыз. Сол кезде жеңілдеп қаласыз.
4. Ән тыңдаңыз. Интернетке кіріп, көңілді әрі жеңіл ән іздеңіз. Көңілді ән тыңдау көңіл күйді бірден көтереді.
5. Жарыққа қараңыз. Күні бойы жасанды жарықтың астында отырасыз. Көзге және миға күннің нұры қажет. Күннің көзі көңіл күйге де әсер береді, сондықтан терезеге жиі қараңыз немесе далаға шығыңыз.
6. Досыңызға телефон шалыңыз. Жақын достармен араласу адамға өте қажет. Сондықтан, достарыңызбен тек әлеуметтік желі арқылы байланысып қана қоймай, даусын жиі естуге, мүмкіндік болса, кездесуге тырысыңыз.
7. Жақыныңызды құшақтаңыз. Құшақтау рақаттану гормонын көтеріп, мәселелерді ұмыттыратыны дәлелденіп қойған.
8. Күлкілі би билеңіз. Билеу адамды бақытты етеді.
9. Әлеуметтік желілерді жауып тастаңыз. Зерттеулердің нәтижесі бойынша, адам әлеуметтік желідегі басқаның өмірін көріп, өзінің сәтсіздіктерін ойлап, уайымдай түседі екен. Сондықтан, басқалардың жазбасын оқуды доғарыңыз.
10. Қызықты видео қараңыз. Көңіл күйіңізді түсіріп, әлеуметтік желіде отқанша, интернеттің пайдасын қолданыңыз. Мысалы, көңіл күйіңіз жоқ кезде балалардың немесе жануарлардың қызықты, күлкілі видеоларын көріңіз.