Қарқынына адам ілеспейтін жаһандану заманында күйзеліссіз өмір сүру қиынға соғып бара жатыр. Бұл тұжырымды АҚШ-тың Ұлттық Биотехнологиялық ақпараттар орталығы ғылыми тұрғыда дәлелдеп отыр. Қазір, тіпті, күйзеліс немесе апатия сынды психологиялық ауруларға қарсы дәрі-дәрмектер де шығарылады.
Бірақ, химиялық заттармен ағзаны улағанның орнына төмендегі кеңестерге жүгіне отырып одан табиғи жолмен құтылуға тырысып көрген жөн болары анық.
Құрамында омега-3 қышқылы бар тамақ ішіңіз
Омега-3 қышқылының EPA түрі өзіңізді жақсы сезінуге көмектесетін болса, оның DHA түрі миыңыздың жұмыс жасау қабілетін арттырады.
Мұндай пайдалы заттар ағзаға көп жағдайда балық өнімдерін жеу арқылы барады. Балықтың ішінде де майлы түрлерін пайдалаған жөн. Сондай-ақ, аталған қышқыл түрі тек балғын балық құрамында ғана жақсы сақталады.
Жарық қорабына қараңыз
Біреу білсе, біреу білмес, бірақ, мұңаю мен қуану – химиялық үдеріс. Егер сіз таң атысымен 20 немесе 60 минут жарық қорабына қарап отыруды бүртүрлі әрекет деп топшыласаңыз, мынадай дерекке құлақ түріңіз.
Алғашында мұндай жарық қораптары аффективті психологиялық бұзылыстарды емдеу үшін жасалған. Олардың әсері андидепрессант дәрілерден асып түскен. Ол жұмысты адамның көңіл-күйіне жауап беретін серотонин мөлшерін арттыру принципі бойынша істейді.
Йог секілді дұрыс тыныс алыңыз
Пранаяма техникасы бойынша тыныс алудың да әсері жоғары. Ол арқылы күйзеліс гармондарының мөлшерін төмендетуге болады. Ең ауыр психикалық ауытқулардың өзін диафрагмалды тыныс алу арқылы емдеуге әбден болады. Егер бұл әдіске қызығушылық танытсаңыз YouTube-сабақтарды жүктеп алыңыз.
Запыран ішіңіз
Запыраннан (Шафран) жасалған сусын күйзеліс пен апатиядан арылуға көмектеседі. Алдымен, стаканға жылы сүт құйыңыз, оның үстіне жарты шәй қасық корица мен запыранның 5 түйірін себіңіз. Сусынды ұйықтар алдында ішсеңіз, жаныңыз тыныштық табады.
Құрамында фолий қышқылы бар тамақ жеңіз
Фолий қышқылын, әдетте, В9 дәрумені деп атайды. Ол мидағы триптофанды серотонинге айналдыруға көмектеседі. Егер ағзада оның мөлшері азайып кетсе, адамды көңілсіздік басады. Фолий қышқылы көкөністер құрамында болады.
Спортпен шұғылданыңыз
Бұл әдіс туралы естімеген, оны сезініп көрмеген адам жоқ шығар. Десе де, спорт артық етпейді. Физикалық салмақ ағзадағы эндорфин аталатын бақыт гормондарына әсер етеді.