Коньки тебу - қысқы демалыстың ең әдемі әрі ең қиын түрлерінің бірі. Сондай-ақ, пайдалы спорт түрі.
Қыс кезінде суық тиіп қалудан қорыққан көптеген адамдар таза ауада мейілінше аз уақыт өткізуге тырысады. Негізі, бұл қателік. Керісінше, таза ауада демалу адам ағзасы үшін өте пайдалы. Қыс кезіндегі физикалық белсенділік біздің ағзамыздың нығая түсуіне, тұмауға қарсы тұруға, жаз келгенше күш жинауға көмектеседі. Қыс кезінде коньки тебу арқылы адамдар денсаулығын жақсартып қана қоймай, көтеріңкі көңіл-күйде болады.
Коньки адамзат тарихында өте ертеде пайда болды және бір замандары жануарлардың сүйегінен дайындалған.
Дайындаламыз
Коньки тебудегі қиындықтан құтылу үшін қарапайым ережерлерді сақтанған дұрыс.
Коньки тебуді енді бастап жүрген фигуристтер үшін роликті тебуге арналған экипировка да жарай береді. Сонымен қатар, мұздағы ауа температурасы төмен болғандықтан, мейілінше жылы киінген дұрыс.
Ал аяқ киімге өте мұқият қараған жөн! Егер аяғыңызға коньки бәтіңкесін дұрыстап кимесеңіз, тобығыңызды шығарып, аяғыңызды жарақаттап алуыңыз мүмкін. Конькиді дүкеннен сатып алуға тырысыңыз.
Мұз айдында жүргенде мейілінше сақ болыңыз, айналадағы адамдарға қарайлап, олармен соқтығысып қалмауға тырысыңыз. Тағы бір есте ұстайтын нәрсе, айдынға алкоголь ішіп барудың қажеті жоқ, сондықтан спирттік ішімдіктерден бас тартыңыз. Сонымен қатар, үш айналып секіруді орындаймын деп әуре болмай, тек достарыңызбен серуендеп, көңіл көтеріп қайтыңыз.
Пайдалы жақтары
Коньки тебудің пайдасы орасан зор. Мұз айдынында небәрі бір сағат коньки тебу бірнеше сағат бойы жүгіргенде кететін калорияны кетіреді. Конькимен сырғанау кезінде тізе көп жарақаттанбайды. Коньки тебу аяқ пен сан және жамбастағы бұлшық еттерді дамытады. Сонымен қатар, коньки тебу кезінде арқадағы және іштегі бұлшық еттер ширығады. Конькимен жүйелі түрде сырғанау ағзаның төзімді болуына әкеледі. Ал таза ауада коньки тепкен кезде ағза қатая түседі. Одан бөлек, физикалық белсенділік жағымды көңіл-күй сыйлайды. Көп қобалжитын адамдарға дәрігерлер конькиді жүйелі түрде теуіп тұруға кеңес тұрады. Бұл көңіл-күйді көтеріп тастайды.
Коньки тебудің балалар үшін пайдалы тұсы
Ағзасы енді дамыпжатқан балалар үшін коньки тебудің пайдасы үлкен. Пайдадан бөлек, көңіл көтерудің де керемет әдісі. Айтпақшы, көптеген танымал фигуристтер бала кезінде өте әлсіз болғандықтан, денсаулықтарын нығайту үшін мәнерлеп сырғанаумен айналысқан. Коньки тебу баланың денесін тік ұстап, бұлшық ет жүйесін қалыптастыруға, вестибулярлы аппарат пентыныс алу жүйесін реттеуге көмектеседі.Әсіресе, өтпелі кезеңдерде жүйелі түрле коньки тебу баланың өзіне деген сенімін күшейтеді.
Коньки тебу – бұл сергек әрі дені сау болып жүруге себепкер болатын тамаша жаттығу болып саналатынын ұмытпаңыз.
Кері әсерлері
Жарақат. Жаңадан бастаған фигурист жарақаттан қашып құтылмайды. Әдетте, бұл жарақаттар қаты ауыр болмайды. Қол мен аяқ және бастан алған кішігірім жарақаттар тез жазылады. Егер осындай жарақат болса, дереу ауырсынып тұрған жерге мұз басып, аурудың беті қайтқанша отыра тұрған жөн. Сонымен қатар, әрбір 10-15 минут сайын жарақатты бақылаған дұрыс. Егер басыңыз айналмаса, жаттығуды қайта жалғастыра беріңіз. Жарақаттың алдын алуға біздің кеңестеріміз көмектеседі.
Секіру техникасын меңгерген кезде сіңірдің созылуынан бастап, аяқтың сынуына дейінгі түрлі жарақаттар болады.
Дереккөз: confederation.kz