- Негізгі бет
- Жаднама
- Конфуций: "Елге басшы...
Конфуций: "Елге басшы болсам, ұлттың тілін жөнге салар едім"
Шәкірттері Конфуцийден: "Егер сіз бір елге басшы болсаңыз, ең әуелі не істер едіңіз?" деп сұрапты.
Конфуций: "Егер мен бір елге басшы болсам еш әрі-сәрі болмастан, ұлттың тілін тәртіпке салар едім" депті. Мұны естіген өзгелер қайран қалып, себеін сұрапты. Сонда Конфуций: "Бір ұлттың тілі бұзылса, сол ұлттың рухы мен әдет-ғұрпы бұзылады. Егер бір ұлттың рухы мен әдет-ғұрпы бұзылса, әділет және ақиқат жоғалып, халық шарасыздықтан жойылу қаупіне душар болады. Қысқасы, бір ұлттың тілі бұзылса сол ұлттың келешегінен үміт күтуге болмайды. Мұндай жағдай туылудан бұрын алдын алу өте маңызды",- деген екен.
Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы
Сурет: ooopic.com
M. Auelkhan