Қолшатыр түрлері

Жылауық күзде қолшатыр таңдау мәселесі алдымыздан шығады. Қолшатырды қалай таңдау керек екенін мына материалымызда айтқан едік. Қолшатырдың Отаны Қытай мен Египет екенін, алғашында бұл мекендерде қолшатыр – ақсүйектер мен патшалардың желпуіші ретінде қолданылғанын да Массагеттің көзіқарақты оқырманы оқып алған болар.

Ал бүгін біз қолыңызға ұстаған қолшатырдың қай түрге жататынын ажыратуыңыз үшін қолшатырдың түрлері туралы айтамыз. 

Классикалық немесе дәстүрлі қолшатыр көбіне жаңбырдан толық қорғайды. Оның сабы ағаштан, пластмассадан жасалады.

Автоматты қолшатырдың ашып-жабатын тетігі болады. Ол жиналған кезде шап-шағын бола қалып, сөмкеге сыйып кетеді. 

Компактілі қолшатыр өткінші, сылбыр жаңбырға ұстауға арналған. Ол сізді жаңбыр құйғанда қорғай алмай, сынып кетеді. Классикалық қолшатырдан көлемінің кішілігімен ажыратылады. 

Bubble қолшатыры жаңбырдан түгел дерлік қорғайды. Ол қолшатыр ішінен көруге мүмкіндік береді. 

Бұдан басқа қолшатырдың ерекше дизайнмен жасалған түрлері де бар. Мәселен, бірден екі адамға арналған қолшатыр мен 

дененің жарты бөлігін жаңбырдан қорғайтын қолшатыр да бар. 

Сәнқой арулар үшін сәнді қолшатыр шығарылған.

 

Жазба соңында Айжұлдыз Адайбекованың орындауындағы "Қолшатыр" әнін тыңдай отырыңыздар. 

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/WDgIgMtndYk","width":"450","height":"300"});

Автор: Мейіргүл Оңғарова

Сурет: nazya.com, yapokupayu.ru, printerio.com.ua, 

a-pire.com, oboi-colibri.ru