Көлік тізгінінде ұйықтап кетпес үшін не істеу керек?

Егер сіз көлік жүргізушісі болсаңыз, сіз мұндай жағдайды міндетті түрде басыңыздан өткердіңіз. Көлік жүргізу үстінде қалғып кету адам өміріне өте қауіпті. Статистикаға көз жүгіртетін болсақ, көлік апатының төрттен бір бөлігі рөлде ұйықтап кету салдарынан туындайды. Көлік жүргізушілер қараңғы жамыла сала жолдың ашық-жабығына қарамастан жылдамдықты аямай басады. Сол уақытта көздің қалай ілініп кеткенін байқамай қаласыз. Нәтижесінде зардабы жан шошытарлық көрініске алып келеді. Ендеше, ұйқы қысқанда ұйықтап кетпес үшін не істеу керек? Жауап төменде:

Ұзақ жолға шығар алдында оған алдын ала дайындалып алу қажет. Өзіңізбен бірге ыстық қою шайы бар термосты ала жүріңіз. Ол денені жақсы әлдендіріп, шаршаумен мықтап күреседі. Жолға шоколад немесе кәмпит салып алыңыз. Тәттіде глюкоза көп болғандықтан, ол ағзаға күш-қуат бере түседі. Көлік жылдамдығын әрдайым ауыстырып отырыңыз. Радио тыңдаңыз. Музыканы үнемі өзгертіңіз. Өлең айтып көңіл-күйіңізді көтеріңіз. Қасыңызда жолдасыңыз болса, түрлі тақырыпқа әңгіме-дүкен құрыңыз. Анда-санда сізге көз қырын салып қойғанын талап етіңіз. Көлік салонына  цитрус, қылқан, теңіз секілді иістендіргіштерді  себіңіз. Ол сергітуге жақсы көмек болмақ. Салқындатқышты қалыпты деңгейде қосу керек. Алайда, тым салқындатып жібермеңіз, өйткені салқын тиіп қалуы мүмкін. Ұйқы сізге бой алдырмай, маза бермей жатса, көліктен шығып, таза ауада физикалық жаттығулар жасаңыз. Беті-қолыңызды сумен бүркеңіз. Жайсыздық адамға ұйықтауға жол бермейді. Сол себепті өзіңізге ыңғайсыз дене тұрыста отырыңыз. Әртүрлі көлік сауда орындарында ұйқыны жеңетін арнайы аппараттар бар. Оны қолданбастан бұрын алдымен пайдалану нұсқасымен танысып шығу керек. Олардың ең атақтысы:

- Stop Sleep құралы – пішіні кішкентай, саусаққа киіледі. Денені ұйқы шалып тамыр соғуы бәсеңсісе, құрылғы шиқылдап, жылтылдап белгі береді.

- Антиұйқы – құлақ бөлігіне бекітіледі. Бастың қисайып кетуін бақылайды. Егер бас қалыпты деңгейден өзгерсе, бірден сигнал дыбысы шығады.

Жоғарыдағы айтылған кеңестерді өз пайдаңызға асырғайсыз. Себебі көлікте ұйықтап кетіп, тек өзіңізге ғана емес, қоршаған ортаға да зардабыңыз тиіп кетуі мүмкін.

Оқи отырыңыз:

Ұйқымен қалай күресуге болады?

Жігіттер: қыздар көлікті нашар жүргізеді

Көлік жүргізу куәлігі бір-ақ сағатта дайын болады

Арақ ішіп көлік жүргізу шырғалаң емес, зорлықты қылмыс!

 

Дайындаған: Жұлдыз Телемісова

Сурет: www.newspnn.com