Психологтар адам мінез-құлқының ең ұсақ-түйек детальдарына шейін анықтауға тырысуда. Америкалық психолог Элен Кеш мұны қол алысу түрлерімен айқындауға тырысыпты. Бұл үшін ол аттай екі жыл зерттеу жүргізген. Сонымен...
Қолды қытырлата қысу
Бойыңызда күш-қуатыңыз тасып тұрғандықтан, сәлемдескенде танысыңыздың қолын қытырлата қатты қысып жібердіңіз делік. Бұл сіздің жауапкершілікті өзіңізге ала алатын сенімділігіңізді, туғаннан көшбасшылығыңызды көрсететін белгі.
Қолды қатты қысу
Сіздің қол қысуыңыз қатты да, жұмсақ та емес. Әріптесіңіздің көзіне тура қарап тұрып, қолын қатты қысуыңыз сіздің онымен ашық сөйлесе алатын батылдығыңызды көрсетеді. Кез келген қиын уақытта оған көмекке келе алатын өткірлігіңіз осыдан байқалады.
Қолды бостау қысу
Бұл сіздің әріптесіңізге қалай болса солай қарайтындығыңызды білдіреді. Сіз өмір тек қиындықтардан ғана тұрмайды деп санайсыз. Басқаға ырық бере қоймайтындығыңызға сенесіз деген сөз.
Екі қолдап қол қысу
Бұл сіздің ақкөңілдігіңізді, достыққа адалдығыңызды, басқаға көмектесуге әрдайым әзір екеніңізді, біреудің жақсылығына, қуанышына ортақтаса алатыныңызды білдіреді.
Ұзақ уақыт қол қысу
Егер сіз таныс-білісіңіздің қолын қатты қыспай ұзақтау ұстап қалсаңыз, бұл сіздің басқалармен тіл табыса алатын сезімтал екендігіңіздің белгісі, достарын жақсы көретін және оларға адал адамсыз.
Саусақтың ұшымен ғана қол алысу
Егер сіз достарыңызбен қол ұшымен ғана сәлемдесе салсаңыз, бұл сіздің нәзік сезімді адам екеніңізді және елдің бәріне бірдей көңіліңіздің кіршіксіз екендігін байқатасыз. Сіз өзіңізге қарағанда басқа кісінің ауыртпалығын жүрегіңізге жақын алатын өте сезімтал адамсыз. Сіздің жүрегіңіз кең, басқаға ең соңғы наныңызды бөліп беруге дайын тұратын жанашыр жансыз.
Қолды сілкілей қысу
Басқа кісінің қолын сілкілей қыссаңыз, бұл сіздің жұрттың бәріне бірдей өзім деп қарайтын кеңпейілділігіңіздің белгісі. «Жұртшылық үнемі сізбен бірге болуды ұнатады, сіз оларды өзіңіздің оптимистігіңізбен баурайсыз, - деп жазады Элен Каш. – Сіз өмірлік күш пен ерік-жігерге толы адамсыз. Адамдар сізге ұқсай алмайтынын түсінеді»
Ешқашан ешкімнің қолын қыспасаңыз
Егер сіз ешкімге қол ұсынбасаңыз, бұл сіздің тұйықтығыңызды, көпшілікпен тіл табыса алмайтын жасқаншақтығыңыздың белгісі. Сіз досты оңай таба алмайсыз, бірақ нағыз дос бола алатын адамсыз.