- Негізгі бет
- Жаднама
- Көктемгі кездесулерді ерекше...
Көктемгі кездесулерді ерекше өткізу амалдары
Әдеттегі кино-кафе-боулинг сарынындағы көңіл көтеру шараларын қысқа қалдырайық. Көктемде көп уақытты таза ауада өткізген жөн. Бүршік жарған ағаштар, гүлденген табиғат, шуақ шашқан күн нұрының өзі осыны талап ететіндей. Бүгін біз көктемгі кездесулерді қызықты өткізуге бірнеше идея ұсынбақпыз.
Көкке шығу
Бұл уақыт өткізудің ең қарапайым сонымен қатар ең қолайлы нұсқасы. Көкке шығу – міндетті түрде термосқа шай құйып, бутерброд пен көрпе арқалап қала сыртына шығу дегенді білдірмейді. Мұнда ең бастысы көктемгі атмосфераны және махаббатты сезіну.
Бақша жұмыстарымен бірге айналысу
Қара жұмыспен айналысудың несі романтика деп ойлайтын шығарсыз? Бірақ бірге ағаш отырғызатындарыңыздың өзі символикалық мәнге ие емес пе? Психология ілімі бойынша, жаңадан бірдеңені құрастыру, отырғызу қарым-қатынас үшін өте маңызды және рухани жақындасуға септігін тигізеді.
Жүгіру жаттығуларын бірге жасау
Ортақ тәжірибе, ортақ белсенділік – бәрі өте маңызды. Оған қоса сіздер бір-бірлеріңізді салауатты өмір салтына жетелейтін боласыздар – бұл да қосымша плюс.
Көлікке отырып серуендеу
Көктемде әдемі пейзаждар ашылып, жолдың екі жағында да табиғат оянады. Сіздер табиғаттың сұлулығы мен бір-біріңізге тамсанып, махаббаттарыңыздың арта түсуіне ықпал етесіздер.
Ашық терассада кешкі ас ішу
Уақыт өткізудің қарапайым амалы сияқты. Бірақ бұл жолы сіздер қапырық ғимаратта емес, көктем мен салқын леп есетін ашық ауада отырасыздар. Демалу да оңай, әңгімелесуге де миллион тақырыптар табылатындай, айналадағы табиғатпен бірге сезімдер де қайта оянып жатқандай...
Таза ауада ойындар ұйымдастыру
Саябақта бір-біріңізге фрисби лақтырып ойнауға да болады немесе бұдан да қызықты нұсқаларды қарастырып көріңіз: үстел теннисі, квадроциклдер, бадминтон, қалашықтар ойыны, гольф немесе мини-гольф – бір сөзбен айтқанда, спорттық шығармашылыққа алаң - жазық! Тек жалқауланбау керек – мұндай белсенділік шаршатпайды, тек ләззат сыйлайды.
Сурет: subscribe.ru, koshka-ma.blogspot.com
Дайындаған: Анар Мұстафина
A. Mustafina