Көктемде меңгеруге болатын 7 хобби

Көктемде меңгеруге болатын 7 хобби
Фото: pixabay.com

Әдетте, адамдар көктемде  жаңа дүние бастағысы келеді. Қуаныш пен энергияны cүйікті істен алуға болады. Егер осы көктемде жаңа нәрсе үйренгіңіз келсе, қызықты хобби түрлерін ұсынамыз.

Құмыра жасау шеберлігі
Егер сізге қолдан жасалған керамика ұнаса және өз қолыңыздан әдемі бірдеңе жасағанды жақсы көрсеңіз, құмыра жасау шеберлігі сіздің жаңа хоббиіңізге айнала алады. Алдымен базалық мастер-кластан бастауға болады. Ол жерде көзеші ұршығын қолдануды әрі күйдіруді үйретеді және саптыаяқ, құмыра, ойыншық дайындауға көмектеседі. Егер ұнаса, одан кейін ұзақ курстарға жазылуға болады. Ол кезде өз идеяларыңызды жүзеге асыра аласыз. Сазбен жұмыс тыныштандырады және тепе-теңдік ұстауды үйретеді. Оған қоса, нәтижесінде тұрмыста қолданатын немесе үйді безендіретін ыдыс аласыз.

Укулеле
Укулеле — кішкентай гавайлық гитара. Оның тек 4 нейлонды ішегі (соль, до, ми, ля) болғандықтан, гитараға қарағанда укелеледе ойнау оңай. Бұл музыкалық аспапты 7 күнде үйреніп алуға болады. Оны үйрену үшін Youtube желісіндегі сабақтарды пайдалана аласыз. Бастысы, ол сізге ұнау керек және оған күніне бір сағат уақытыңызды арнауыңыз қажет.

Скейтбординг
Спортпен айналысу — жақсы идея, бастысы өзіңізге қажет жүктеме түрін табу керек. Мысалы, ол скейтборд болуы мүмкін. Неге осы көктемде тақтайға тұрмасқа?! Скейтте сырғанау тепе-теңдік сезімін және координацияны дамытады. Оны тебу кезінде барлық бұлшықеттер тобы іске қосылады және ол сізге сенімділік сыйлайды.

Барре
Барре — балеттік хореографияны қолданатын барлық бұлшықеттер топтарына арналған қарқынды жаттығу. Бұрыннан жаттығу залына барып жүрген болсаңыз да, фитнестің бұл түрі жаңа сезім сыйлары анық.

Суретке түсіру
Қазіргі заманда әркімде суретке түсіруші болуға мүмкіндік бар. Себебі қажетті білім болса, сапалы ұялы телефонға да жақсы суреттер түсіріп үйренуге болады. Суретке түсіруді арнайы курстардан немесе онлайн сабақтардан үйрене аласыз. Ал фотоаппарат алып жатсаңыз, техника жайлы сұрақтарға жауапты Youtube желісінен оңай табуға болады.

Тамақ пісіру
Кондитерлік іспен әуестену қалауыңызға қарай жаңа кәсіпке айналуы немесе жаныңызға жақын хобби болып қалуы мүмкін. Кей адамдар үшін қамырмен жұмыс медитация рөлін атқарады: ол басқа ойлардан арылуға көмектеседі.

Гүл өсіру
Үйді көгалдандыру құштарлығы біртіндеп оянады: алдымен бір бөлме өсімдігін зерттейсіз, егер ол үйіңізде жақсы өсіп кетсе, басқасын көргіңіз келеді. Осы көктемде бірдеңе өсіріп көруге тырысыңыз: руккола немесе ақша гүлі. Егер бұл процесс сізді қызықтыра алса, ал нәтижесі қуантса, жаңа деңгейге өтуге болады. Мысалы: аса күтімді қажет ететін өсімдіктер. Бөлме гүлдерін өсірумен қатар, гүл шоғын безендіруді де үйренуге болады.

А. Жапатова