- Негізгі бет
- Жаднама
- Көктемде жасалуы керек...
Көктемде жасалуы керек қадамдар
Көктем – жылдың ең әдемі, ең сұлу, ең жайлы мезгілі. Табиғат ояна бастағаннан қысқы тоңдарымызды тастап, жылы әрі ашық түсті күртешелерімізді, жібек шәлілерімізді тағып шығуға асығамыз. Иә, көктем – сыртқы келбетің мен ішкі әлеміңді өзгертудің, жаңартудың маусымы. Ендеше төмендегі тізім бойынша қадам жасап көрелік. Көктемде не істеп үлгеру керек?
♥ Бас киімсіз жүретін маусым болғандықтан, шашты ретке келтіруден бастаңыз.
♥ Дене пішініңізді қалпына келтіріңіз, артық салмақтан құтылып, салбыраған ішпен қоштасыңыз.
♥ Бақтарға жиі барыңыз. Құстардың өмірін тамашалаңыз, оларды тамақтандыруға қалай қарайсыз?
♥ Бәйшешек іздеңіз. Оның иісінің өзі адам жанын рақатқа бөлейді.
♥ Ашық түсті, гүлді өрнектері бар шәлі сатып алыңыз.
♥ Дәрумендер қабылдаңыз, жеміс пен көкөністі көп жеуге тырысыңыз.
♥ Қалада тұрсаңыз велосипед немесе роликті жалға алып, серуен құрыңыз.
♥ Көшеде көп жаяу жүруге тырысыңыз.
♥ Жазғы демалысқа дайындықты бастаңыз: демалыс орнын іздеу, билет алу, құжат, виза жасату.
♥ Көрмелер мен мұражайларға бас сұғыңыз.
♥ Күнделікті тамақтану тәртібіңізге өзгерістер енгізіңіз. Отбасыңызды да осыған бейімдеңіз.
♥ Балконға гүл қойып, әдемі орындық орналастырып, газет-журнал, кітап оқитын бұрыш ұйымдастырыңыз. Немесе аулаға қойыңыз.
♥ Сергітетін көңілді әуендер тыңдаңыз.
♥ Соңғы қардан аққала жасап, суретке түсіңіз. Ал дала көгерген болса, көктемгі фотосессия жасаңыз. Бет әлпетіңізді, киіміңізді ретке келтіріп, қаланың ең әдемі жерлеріне суретке түсіңіз.
♥ Күн жыли бастасымен, аулаға, тауға серуенге шығыңыз, достарыңызбен кәуап пісіріп, гитарамен ән айтуға болады.
♥ Алдағы келе жатқан 9 мамыр мерекесін назардан тыс қалдырмаңыз.
♥ Жаңа курстарға жазылыңыз (би, аспаздық, тоқыма). Көктем – жаңа жобалар үшін таптырмас кезең.
♥ Көктемнің әрбір шуақты күнінен ләззат алуға тырысыңыз.
♥ Көктемгі жеңілдіктерден қапы қалмаңыз.
♥ Күлкі күніне әдемі әзілдер дайындаңыз.
♥ Ашық аспан астындағы дәмханаларға бас сұғып, жақсы көретін адамдарыңызбен бір шыныаяқ шәй немесе кофе ішудің өзі неге тұрады?
♥ Компьютердегі жұмыс үстеліңіздің бас суретін ашық түсті суреттерге, гүлдерге ауыстырыңыз. Ұялы телефоныңызға да осы өзгерістерді енгізуге болады.
♥ Жаңа макияж түрін, жаңа шаш үлгісін ойлап табыңыз. Иіссу да өзгеріске түсу керек. Гардероб да қалыс қалмасын.
♥ Ұнамайтын жұмысыңызды ауыстырыңыз, өз ісіңізді бастаңыз, кітап, күнделік жазуды қолға алуға да болады. Қысқасы, шығармашылық, кәсіби жұмыстарыңызды жақсартыңыз.
♥ Психологтың кеңесіне жүгініңіз.
♥ Жақындарыңызға, сүйіктіңізге, балаларыңызға жақсы көретіндігіңізді айтыңыз.
♥ Әйтеуір бір мемлекеттің тілін, мәдениетін, дәстүрін танып-білуді қолға алыңыз. Тым болмаса, есте сақтау қабілетіңізді сынап, әртүрлі елдердің астаналарын қайталаңыз.
♥ Сыйлық жасаңыз! Тек қана мерекеде емес, қарапайым, шаттыққа толы күндері жақын адамдарыңызға сый жасау керемет іс.
♥ Көктемгі көңіл күй сыйлайтын фильмдерді көріңіз. Қандай дейсіз бе? "Өзеннің арғы бетіндегі көше көктемі" көңіліңізден шығатындай...
♥ Өзіңізді қуатыңыз! Мейлі ол СПА салон болсын, мейлі 15 минуттық тыныштық болсын...
♥ Денсаулықтың маңыздылығын ұмытпаңыз. Дәрігерге қаралыңыз, тексерістерден өтіңіз.
♥ Ғашық болыңыз! Кімге?! Арманыңыздағы ханзадаға!
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева
Сурет: vk.com