Көкке шығуға арналған 10 зат

Көкке шығуға арналған 10 зат
Фото: create.vista.com

Отбасыңызбен немесе достарыңызбен көңілді әрі пайдалы уақыт өткізудің бір әдісі — көкке шығу. Жаздың келуімен пикниктердің және табиғатқа шығудың маусымы басталады. Көкте демалысты жақсы өткізуге арналған заттарды ұсынамыз. Егер өзіңізге немесе көкке шыққанды жақсы көретін досыңызға сыйлық іздеген болсаңыз, төмендегі ұсыныстарға мән беріңіз.

Жиналмалы мангал немесе барбекю

Көкке шығу көпшілікте кәуаппен, шоққа пісірілген көкөністермен және түтін иісімен байланыстырылады. Дәмді кәуапты дұрыс дайындау үшін жақсы мангал немесе гриль-барбекю керек.

Мангалға арналған тор

Гриль торына ет, балық, кішкентай шұжықтар немесе көкөністер дайындауға болады. Мұндай торда өнімдер біртекті қуырылады, бастысы, оларды аударуды ұмытпау керек. Сапалы торлар хроммен қапталған жақсы құрыштан жасалады.

Пикникке арналған жиналмалы жиһаз

Егер көкке көлікпен шықсаңыз, пикникке арналған алюминийден жасалған жеңіл жиналмалы жиһазды алып шығу қиын емес. Жиналмалы күйінде мұндай шағын шабадандар аз орын алады және салмағы шамамен 7-8 кг болады. Ол отырғанға өте ыңғайлы.

Туристік ықшам плитка

Өте жеңіл және тасымалды титаннан істелген плитка көкте міндетті түрде керек болады. Оған шай қайнатуға немесе тамақты ысытуға болады. Ол үшін бар болғаны аздап ағаш қана керек.

Барбекюге арналған жинақ

Барбекюде тамақ пісіргенді жақсы көрсеңіз, оған арналған арнайы жинаққа мән беріңіз. Оған шанышқы, қалақша, қыстырғыш, тұз және бұрыш салатын ыдыс кіреді.

Туристік төсеніш

Оңай оралып жинала қоятын үлкен және жеңіл флис төсеніш — пикникте мінетті түрде керек болатын зат. Мұндай төсеніштің бір жағы су өтпейтін материалдан тігіледі және ол шаң мен ластықтан оңай тазартылады.

Тоңазытқыш-сөмке

Көкке сусындарды суық күйінде жеткізгіңіз келе ме? Пикникке балмұздақ алып шыққыңыз келе ме? Ыстық күні маринадталған етіңіздің бұзылып кеткенін қаламайсыз ба? Ендеше, термосөмке алыңыз. Сөмкенің ішіндегі температура ұзағырақ төмен болып қалғанын қаласаңыз, оның аузын себепсіз аша беруге болмайды және салқындатқыш элемент қолдану керек.

Үрмелі гамак

Тамаққа қатысты заттарды айттық. Енді, демалуға тоқталайық. Екі ағашқа байланатын үйреншікті гамактардан бөлек қазір үрмелі гамактар да бар. Оны өзіңізбен алып жүру оңай және кез келген жерге қоя бере аласыз. Оның үстінде жатуға да, жүзуге де болады.

Портативті акустикалық жүйе

Демалысты көкте және жақсы әнмен өткізгіңіз келсе, портативті колонка алып шығыңыз. Оны өзіңіздің ұялы телефоныңызға жалғап, сүйікті әндеріңізді қоса бере аласыз.

Бумеранг немесе ұшатын тәрелке (фрисби)

Көңіл көтерудің бір әдісі — спорттық немесе басқа да қызықты ойындар ойнау. Бумеранг немесе ұшатын тәрелке екі немесе одан да көп адамға ойнауға жақсы келеді.

А. Жапатова