- Негізгі бет
- Жаднама
- Қоғамдық көлікте аяқты...
Қоғамдық көлікте аяқты алшайтып отыратындарды «сүндеттемек»
Ұлыбритания дейтін мәдениетті елде қоғамдық орында аяқты алшайтып отыруға қарсы дау туды. «Енді ме?» дерсіз...
Бұл даудың ушыққаны соншалықты, оған тіпті кейбір жоғары шенді шенеуніктер де өз пікірін білдіріп жатыр. Мәселен, елдің бұрынғы ішкі істер министрі болған Джеки Смит мәселені шешуге бел буып отыр.
Ал бәрі де шотландық актер Ричард Мэдденның (суретте) қоғамдық көлікте аяғын алшайтып отырған суретінің Tumblr платформасындағы Men Taking Up Too Much Space On The Train блогына жарияланғанынан басталған. Суретте «Тақтар ойыны» («Игра престолов») фильмінің әйгілі жұлдызы Лондон метросында «мәдениетсіздеу» мәнерде отырғаны бейнеленген.
The Daily Mail агенттігі жариялаған осы бір түйткілдің арты дауға ұласпас па еді, қайтер еді, егер сыныққа сылтау іздеген басылымдар бұл тақырыпты көшіріп баспағанда. (Копирайтпен айналысқан басылымдардың ішінде тіпті The Observer секілді даңқты БАҚ-тың болуы да өзінше бір қызық жәйт). Бұл жарияланымға кейбір оқырман тіпті Мэдденді «сүндеттеу» керек екенін айтып, кейінде The Observer жазалаудың мұндай жолын «тым ауыр» санайтынын жеткізген.
Британияның ІІД бұрынғы министрі болса, өз кезегінде Мэдденның отырысын ақтап алғысы келеді, оның ойынша актердің бұлай отыруының басты себебі ер адамға тән физиология екен.
The Observer журналисі Барбара Эллен Смитпен сұхбаттаса отырып, актердің отырысында бір мақтаншақтыққа келіңкірейтін астар бар екенін және аяғын жинап отыра алатын еркектердің бар болуы себепті әйгілі жұлдыздың да қоғамдық көлікте «түзу» отыруы керек екенін ашып айтқан.
Барбара Эллен сөз соңында «Мен қоғамдық көлікте төсі үлкен әйел адамның ер кісіге тақап немесе аяғын еркектің орнына қойып алатынын көрмеппін. Әр адамның өз кеңістігі болуы керек, және оны ешкім де тартып ала алмайды» депті.
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: furfurmag.ru
А. Құлтай