Бүйрек денсаулығының басты кепілі – тек су ішуді ұмытпау керек. Сұйықтық жеткіліксіз болса, денсаулық нашарлай бастайды. Бұл туралы doctorpiter мақаласында жазылған.
Адам ағзасы орта есеппен 65 пайыз судан тұрады. Бүйрек біздің денемізде оның реттелуіне жауап береді.
Егер осы маңызды ағзадағы проблемалардан аулақ болғыңыз келсе, не ішіп, не жеп жатқаныңызды қадағалауыңыз керек. Бұл белгілі бір тыйымдар мен шектеулерді ғана білдірмейді. Мысалы, кейбір сусындар, керісінше, бүйрекке өте пайдалы болуы мүмкін.
Су
Бүйрек үшін ең қарапайым және сонымен бірге ең маңызды сусын – кәдімгі таза су.
Медицина мамандарының айтуынша, ерлерге тәулігіне шамамен 13 стақан сұйықтық қажет, ал әйелдерге дененің қалыпты жұмыс істеуі үшін шамамен 9 стақан қажет.
Суды жеткілікті мөлшерде ішсеңіз, бүйрек қалыпты жұмыс істей алады. Олар минутына жарты стақан жылдамдықпен қаннан қалдықтар мен артық суды кетіреді. Сонымен қатар, бүйрек қанды сүзгіден өткізгенде, олар қандағы натрий, кальций, фосфор және калий балансын реттейді, бұл жүйке жүйесі мен бұлшықеттердің қалыпты жұмыс істеуі үшін өте маңызды.
Мүкжидек шырыны
Бұл сусын суыққа қарсы пайдалы және қуық инфекциясынан құтылу үшін тамаша өнім. Оның осындай шипалы қасиеті бар екені ғылыми дәлелденген. The Journal of Nutrition журналында жарияланған зерттеулердің мета-талдауы қайталанатын зәр шығару жолдарының инфекцияларына бейім әйелдер мүкжидек шырынын ішкеннен немесе мүкжидек сығындысы таблеткаларын қабылдағаннан кейін ауру қаупін 26 пайызға төмендете алатынын көрсетті.
Диетолог Венди Базилианның айтуынша, мүкжидек шырыны бактериялардың зәр шығару жолдарының шырышты қабығына жабысып қалуынан сақтайды және олардың зәрмен шығып кетуін қамтамасыз етеді.. Сонымен қатар, мүкжидек шырынында күшті антиоксиданттар болып табылатын полифенолдар бар.
Лимон суы
Көптеген дәрігерлер күнді бірнеше тамшы лимон шырыны қосылған бір стақан таза сумен бастауға кеңес береді. АҚШ-тың Ұлттық бүйрек қорының сарапшыларының пікірінше, мұндай сусынды ішу ең көп таралған бүйректегі тас түрі – кальций негізіндегі тасты кетіруге пайдалы болады.
Өйткені, бұл цитруста бүйрек тастарын түзетін кристалдардың өсуі мен агрегациясын басуға көмектесетін қышқыл бар.
Кофе
Иә, иә, сіздің сүйікті таңғы сусыныңыз бүйрекке де пайдалы болуы мүмкін. Жақында Kidney International Reports журналында зерттеу жарияланды, оның авторлары кофе ішетіндердің бүйректің жедел зақымдануы мен кенеттен бүйрек жеткіліксіздігінің даму қаупі 11 пайыз төмен екенін анықтады. Сондай-ақ талдау тәулігіне 2-3 кесе кофе ішетіндерде бұл оданда төмен екенін көрсетті, деп жазады ETNT.
Минералды су жақсы, қызанақ шырыны зиян
Уролог Рустам Болотоковтың айтуынша, дұрыс тамақтану және сусын ішу режимі сізді бүйрек тастарынан 100 пайыз қорғай алмайды. Дегенмен, тәуекелдерді азайту үшін ішпеу керек сусындар бар.
Мысалы, егер адамда оксалатты бүйрек тастары болса, қызанақ шырынын ішуге болмайды. Өйткені, жеміс қышқылдарының артық болуы тастардың өсуіне және несеп құмының пайда болуына жағдай жасайды. Әсіресе көмірсуларға бай тағамдарды қызанақ шырынымен ішсеңіз зиян.
Бірақ минералды суды бүйрекке пайдалы сусындардың бірі деп санауға болады. Болотоков атап өткендей, мұндай суда ішектің де, зәр шығару жолдарының да жұмысына пайдалы әсер ететін микроэлементтер бар. Ең бастысы – минерализациясы төмен сусынды таңдау қажет.