- Негізгі бет
- Жаднама
- Көбіне бір жақ...
Көбіне бір жақ танаумен тыныс алатыныңызды білдіңіз бе?
Дәл қазір мұрынмен тыныс алғанда, егер аллергияңыз болмаса немесе тұмауратпаған болсаңыз, бұл процеске екі танау да қатысып жатқандай көрінеді. Алайда, бұл олай емес.
Адамдар әрдайым 75% бір жақ танаумен және 25% екінші жақ танаумен тыныс алады. Күні бойы басым жақ ауысып тұрады. Бұл мұрын циклі деп аталады. Танаулар белсенділігін әр 2 немесе 3 сағат сайын алмастырады. Мұны, әдетте, адамдар байқай бермейді.
Мұрын циклінің не үшін пайда болатынын ешкім нақты білмейді. Алайда кең тараған теория бар: оны санасыз деңгейде вегетативтік жүйке жүйесі реттейді және ол шырыштының кеуіп кетпеуінің және иіс сезу жүйесінің зақымдалуының алдын алу үшін қажет.
Сондықтан мұрынның бір жақ тесігі бітеліп тұрғандай сезім болса, бірден мұрынға тамызатын тамшы тамызуға асықпаңыз. Себебі ол қалыпты құбылыс болуы мүмкін.
А. Жапатова