Жарық дүниедегі ең ұлы сезімдердің бірі – достық. Әр адам дүниеге келгеннен кейін, ес білгеннен-ақ жан дүниесіндегі сырын, мұң-шерін тарқатып, қуанышы мен қайғысын бөлісетін дос іздейтіні анық. Халқымызда «Алтын берген – дос емес, ақыл берген – дос» деген мақал бар. Достық – бұл өмірдегі еш нәрсемен бағаланбайтын құндылық.
Достық сезімі сізді шынайылыққа, адалдыққа, ақ жолдан адаспай жүруге үндейді. Ол арқылы бойыңдағы көреалмаушылық, жауыздық, қастандық деген сезімдерің сөніп, оның орнына имандылық, мейірімділік, бауырмалдық деген сезімдер пайда болуы тиіс. Қандай адамдармен дос болмау керек екенін білесіз бе? Білмесеңіз, біле жүріңіз!
Адамның бес түрімен мүлдем дос болмаңыз!
1. Бәрінен соңғы сәтте бас тартатын адаммен.
2. Қажет кезде ғана іздейтін адаммен.
3. Сізбен тек ақша жөнінде сөйлесетін адаммен.
4. Басқалар туралы тек жаман ойда болатын адаммен.
5. Өмірде ешқандай мақсаты жоқ адаммен.
Достардың саны емес, сапасы маңызды екенін ешқашан естен шығармаңыз!