- Негізгі бет
- Жаднама
- Қиялдың қаншалықты шарықтайтынын...
Қиялдың қаншалықты шарықтайтынын білесің бе?
Ол кедейлер лашығында өсті. Он жастағы жасөспірімнің дене тұлғасы нәзік еді. «Болашақта АҚШ мемлекетінің президенті боламын» деген арманы да бар болатын. Оның ойында тек «Бұл арманды қалай жүзеге асыруға болады, қалай жетемін?» деген сұрақтар ғана болды. Осы сұрақтардың жетегімен уыздай жас жігіт алдына мынадай нысана қойды.
Бірінші, АҚШ президенті болудан бұрын сөзсіз штат бастығы болу керек, штат бастығының орнына бәсекеге түсу үшін қыруар қаржы кетеді. Қаржы топтарының қолдауына ие болу үшін қаржы топтарына мүше болу керек. Қаржы топтарына кіру үшін бір байдың қызын алу керек. Бай-манаптың қызын алу үшін әйгілі адам болу керек, әйгілі адам болу үшін кино жұлдызына айналу керек, кино жұлдызы болу үшін тәнің сымбатты болу керек, тән сымбатты болу үшін дене шынықтыру, қайтпас қажыр болу керек.
Осындай ой желісі бойынша, ол қадам сайын әр қамалды ала бастады. Бір күні әйгілі гимнастиктер одағының төрағасы Курды көрді. Сымбат гимнастикасына жаттығу дене шынықтырудың таптырмас жолы деп сеніп, сымбат гимнастикасымен жаттыға бастады. Ол жаттығудың барлық жапа-машақатына шыдады. Оны баянды жалғастырды, дүниедегі ең мықты еркек болуды көкседі. Үш жылдан соң жетілген бұлшық еті мен шымыр дене тұлғасының арқасында біртіндеп сымбат мырзасына айнала бастады.
Кейінгі бірнеше жылда ол Еуропа, тіпті бүкіл дүние жүзінің сымбат мырзасына айналды. 22 жасында Голливудқа кірді. Голливудта 10 жыл бойы, өзінің дене сымбаты жағындағы табыстарына сүйене отырып, бар зейінін жұмсап, қажырлы да қайтпас, сәтсіздікке мойымайтын батырлар образын сәтті сомдады. Актерлік салада атағы аспандады. Оның кинодағы даңқы арта берді. Қалыңдығының отбасы олар сөз байласқан уақыттан 9 жыл өткен соң бұл «ауыл жігітін» өз әулеттерінің қатарына қосты. Оның қалыңдығы – атағы әлемге мәлім Кеннеди президенттің немере қызы еді.
Некелі өмірдің он жылы жылыстап өтті. Ол ханымымен бірге төрт бала сүйді. 2003 жылы 57 жасқа шыққанда кино саласымен қош айтысып, саяси сахнаға келді, әрі, Калифорния штатының бастығы болып сайланды.
Ол – Арнольд Шварценеггер еді. Оның тағдыры мына бір сөзді есте сақтауға шақырады: «Қиялың қаншалықты шарықтай алса, сен де соншалықты самғай аласың!»
Дайындаған: Сұңқар Ақбоз
Сурет: nipic.com
M. Auelkhan