- Негізгі бет
- Жаднама
- Киімдегі сары дақтан...
Киімдегі сары дақтан құтылудың жеңіл жолы
Жаз келіп, ауа температурасының күрт жоғарылайтыны бәрімізге белгілі. Осындай аптап ыстық кезде денеңіз жиі терлеп, жейдеңізде сары дақтар пайда болады. Әсіресе ақ жейде мен көйлектегі дақтар көзге көрініп тұрады. Оны қолыңызбен жусаңыз да, кір машинаға салсаңыз да кетіру қиын. Сондықтан бүгін біз сіздерге сары дақтардан құтылудың оңай әрі тиімді жолын айтқымыз келіп отыр.
Ол үшін сізге:
1 шай қасық ыдыс жууға арналған құрал;
3-4 шай қасық сутек тотығы;
2 ас қасық сода керек.
Барлық ингредиенттерді араластырып, дақтың үстіне жағыңыз. Сосын сәл күте тұрып, киіміңізді жақсылап шайсаңыз, нәтижесіне көз жеткізесіз. Бұл арқылы сіз жейделеріңіз бен көйлектеріңізді сары дақтардан сақтайсыз. Үстіңіздегі киім өзіңізге жарасып, ажарыңызды ашқанын қаласаңыз, осы әдісті пайдаланыңыз.
Ж. Исакаев