- Негізгі бет
- Жаднама
- Киім күтімінің 10...
Киім күтімінің 10 қағидасы
Неше жыл өтсе де қоштасқымыз келмейтін киімдеріміз бен бұйымдарымыз болады. Кейде жаңадан алған нәрсеміз қатты ұнайтыны соншалық, бүлдіріп алсақ, дәл соның жаңа түрін қайта сатып алып жатамыз. Осы жағдайға сіздерге келесі кеңестеріміз көмектеседі.
Киімге төгілген кофені – кофе демейміз, дақ дейміз. Кез келген дақты лимон сығындысы немесе ас содасымен кетіруге болады.
Күртешеңіз, мыжырылып, формасын жоғалтып алмасын десеңіз, оны беті жабылатын қалташаға салып, тоңазытқышқа 3-4 сағатқа салып қойыңыз. Келесі маусымға дейін міні құртылмай сақталатын болады.
Киімдегі кішкене қыртыс не мыжырықты жою үшін әдеттегі шаш үтіктегіші де жарайды.
Ашық түсті киімге тоналды крем жұғып қалса, қырынуға арналған пенка көмектеседі.
Тар аяқ киімді шақтау үшін қалташаға су құйып, түні бойы мұздатқышта ұстаңыз.
Қызыл шарап тиген бұйымға алдымен ақ шарапты құйып, үстіне ас содасын себіңіз. 2–3 сағат күтіп, одан соң мұқият жуып алыңыз.
Етіктер формасы бұзылмас үшін ішіне оралған журналдарды салып қойыңыз.
Ашық түсті далап жұққан жерді шашқа арналған лакпен өшіруге болады.
Күдері теріге тиген дақты кәдімгі өшіргішпен жоюға болады.
Қою түсті джинс жуған кезде ағарып кетпес үшін кір жуғыш машинаға жарты сатқан уксус құйып жіберіңіз.
Е. Жұмабайұлы