- Негізгі бет
- Жаднама
- Кез келген істі...
Кез келген істі бастауға 5 секунд қана уақыт керек
Кез келген істі бастау үшін 1-ден 5-ке дейін санап, іске кірісе аласыз. Мұның ережесі қандай? Бүгін осы жөнінде маңызды ақпаратты ұсынамыз.
5 секунд ережесі өте қарапайым. Жоғарыда айтқанымыздай бар болғаны 1-ден 5-ке дейін санайсыз да іске кірісесіз. Сонда сіз өзіңіздің ниетіңіз немесе ынта-жігеріңіз жоқ нәрсені жасай аласыз.
Оны қалай істейміз?
Бәлкім, бұл әдіс сізге күлкілі және біртүрлі көрінетін шығар. Бес секундты санап, жоспарлаған нәрсені істеу мүмкін бе? Бұл мүлдем пайдасыз ереже. Алайда, тәжірибе олай демейді.
5 секундтық ереженің тиімділігі 2 себеппен түсіндіріледі:
Есептеуді кейбір әрекеттерді орындау арқылы жүзеге асырасыз. Мәселен, сіз ішіңізден 1 деп санап жатқанда мұны саналы түрде мәре сызығы ретінде қабылдауыңыз керек. Егер «Алға!» немесе «Кеттік!» деп іштей қайталасаңыз бұл сізге іске кірісуге көмектеседі. Егер біреуге күнде ерте тұрам деп айтсаңыз, айтқан сөзіңіз өтірік боп қалмас үшін ертерек тұруға ұмтыласыз. Шынымен білек сыбана кірісем деп шешіп, өз-өзіңізге уәде берсеңіз, бұл сізге қажетті қуат сыйлайды.
Қалай қолданамыз?
Бұл да өте қарапайым. Мысалы, оятарға (будильник) тұру. Кешке ұйықтар алдында таңғы сағат 07:00-де тұруым керек деп, оятар уақытын жарты сағатқа ерте қоясыз. 06:30 деп бір қоясыз, 06:35 – 06:40 – 06:45 – 06:50 – 06:55 – 07:00. Жасыратыны жоқ, көбіміз оятар уақытын дәл осылай белгілейміз. Біз айтып отырған ережені осы жерде қолданасыз. Егер сіз 07:00-де тұрам деп ниеттенсеңіз, одан жарты сағат ерте тұруға дағдыланыңыз. Жарты сағатта біраз нәрсеге үлгересіз. Оятар уақытын ең бірінші 06:30-ға қойдыңыз делік. Таіертең оятар шырылдаған уақытта 5 секунд ішінде еш ойланбастан тұрып кетуіңіз қажет. Осы уақыт аралығында тұра алмасаңыз, ары қарай тұруыңыз да қиын.
Негізі 5 секунд ережесін барлық салада қолдануға болады
– қандай да бір жобаны бастай алмай жүрсіз бе? 5 секунд қана уақытыңыз бар. Осы уақыт сізге жеткілікті. Дәл қазір қолыңызға қалам алыңыз да жобасын сызыңыз;
– әлдебір белгілі адамға қоңырау шалуға жүрексінесіз бе? Телефонды алыңыз да нөмірін теріңіз;
– дәрігерге қаралуды көптен ойлап жүрсіз, бірақ әлі бармадыңыз. Миыңыз ертерек бармасаңыз денсаулығыңызға зиян келетінін есіңізге салады.
Біз айтқан ережені қалағаныңызша пайдалана аласыз. Бұл ұсақ-түйекке де, үлкен жетістіктерге де көмектеседі. Ұмытпаңыз! Өмірдегі ең қиын қадам – алғашқы жасалған қадам. Сол кезде ғана сіз өзіңіз жасайтын істерге бейімделіп, осы тапсырмалардан қорқуды тоқтатасыз.
Ж. Жұмағұлов