Сізде тамаша идея бар ма? Асығыңыз! Оны іске асырып, жетістікке жету үшін 72 сағат қана уақыт бар.Бір идеяны тудыру және оны жүзеге асыру деген екі бөлек нәрсе. Ол үшін көп нәрсе керек те емес. Тек ойлау мен жасауды қоссаңыз жеткілікті. Бұл қалай? Неміс бизнес-кеңесшісі Бодо Шефер адамның кез келген идеясын жүзеге асыру 72 сағат керек деп санайды. Ол ұзақ мерзімді мақсатқа жету идеясы пайда болған сәттен бастап тым құрығанда алғашқы қадамды жасауға кеңес береді.Шефердің пікірі бойынша, егер сіз ойлған ісіңізді 72 сағаттың (немесе 3 күннің) ішінде орындамай, кейінге қалдырсаңыз, оны ешқашан қайтадан жасамайсыз. Егер сіз 72 сағат ішінде әрекет етсеңіз, 100%-дың 99%-ы сәтті болуы, ал сәтсіздікке тек 1% ғана ие боласыз. Бұл үшін идеяңызды іске асыруға саналы түрде шешім қабылдау қажет. Қалай жұмыс жасау керек? Ойдан дереу әрекетке көші арқылы біз бұл мақсаттың жетістік үшін маңызды екенін миға сигнал жіберіп, автоматты түрде өзімізді іске қосамыз. Идеяны 3 күннің ішінде жүзеге асыру аса маңызды да емес. Бар болғаны алғашқы қадамды жасау маңызды. Егер сіздің ойыңызға мықты идея келсе, көп ұзамай іске кірісіңіз. Оны міндетті түрде қағаз бетіне түсіріп қойыңыз. Аздаған сұрақтарды жазыңыз: Бұл маған не үшін керек? Менің негізгі мақсатым қандай? Бұл үшін маған кім көмектесе алады? Жолда қандай кедергілерге тап болуым мүмкін? Оны қалай шешем? Осылайша идеяңызды іске асырудың дайын жолдарын таба аласыз. Кез келген идея, естіген әңгіме немесе оқыған кітап 72 сағаттан кейін ұмытылады екен. Сондықтан да ойлаған нәрсені іске асыруға көшіңіз! Ой мен іс-әрекет біріккенде ғана жақсы нәтиже болатынын естен шығармаңыз.