Кескінмен жұмыс істеуге арналған 7 онлайн-құрал

Коллаж, ашықхат жасауға, суреттің бетіне жазу жазуға, шақыру қағазын әзірлеуге арналған оңай тегін онлайн-сервистердің тізімін ұсынамыз. 

Social Media Image Maker 

Social Media Image Maker барлық дерлік әлеуметтік желілермен жұмыс істей береді. Оның көмегімен профиль, мұқаба суретін, тақырып суреттерін, астар суреттер жасап, оларды құралдың өзінен тікелей жариялау беруге болады.

Алдымен өзгерткіңіз келетін кескінді таңдап, өңдеу парағына өту үшін  Create > батырмасын басыңыз. Суретті терезеге тартып алып келіңіз немесе парақтың төменгі жағындағы   Add your file батырмасын басыңыз.

Фотосуретті сізге қажет өлшемге дейін кішірейтуден бөлек, құрал қажет фильтр эффектілерін салуға және кескіннің қанықтығы мен айқындығы сынды баптауларын жүргізуге болады.

Social Image Resizer Tool

Әлеуметтік желілермен жұмыс істеуге толық сай келеді. Тек қандай желі үшін сурет әзірлегіңіз келетінін таңдасаңыз болды, сервис суреттің өлшемін соған лайықтап өзгертіп береді. Суреттерді  Facebook, Twitter, Google+, Linkedin, Pinterest, Instagram және YouTube желілеріне экспорттай аласыз.

Share As Image

Бұл сервистің көмегімен фотосуретке мәтін және фильтрлер қоса аласыз. Мәтінді үлгіге келтіргеннен кейін, оны қойғыңыз келетін жерге апарыңыз. Мәтін алаңдарында ешқандай шектеу жоқ, тек мәтін қоса бересіз. Сондай-ақ, кескінді  Twitter, Pinterest және Instagram желілерінде сақтауға арналған опциялар бар.

Pinwords 

Pinwords алты типографиялық шрифте цитаталар немесе мәтін қосуға мүмкіндік береді. Мәтінді ұлғайтуға немесе кішірейтуге, жылжытуға болады. Өңдегіңіз келетін кескінді жүктеп, шрифт пен стильді таңдайсыз, мәтіннің өлшемін өзгертіп, содан кейін өзгертулерді сақтау үшін «Pin it» батырмасын басасыз.

Befunky

Befunky — үш құралдың қосындысы: фоторедактор, коллаж жасаушы және кескінге түрлі эффектілер салушы. Қалыпты әрекеттерден (суреттің айқындығын арттыру, кесу, т.б.) бөлек,  Befunky түрлі түс эффектілерін де ұсынады. Олардың қатарында түрлі-түсті гамма немесе көмірмен сызғандай ету эффекті, сондай-ақ, мәтін ғана емес, графикалық элементтер қосу мүмкіндігі бар.

Тағы бір керемет функциясы — фотосуреттің үстіне белгіленген үлгідегі маска салу мүмкіндігі. Сервиске фотосуретті өз компьютеріңізден де, веб-камерадан да, Facebook-тан да,   Google Drive немесе Dropbox сынды қоймалардан да алып келуге болады.

Recitethis 

Recitethis — цитата жазылған суреттерді оңай жасау. Цитатаны ұсынылған үлгіге жазасыз да алдын-ала қарап аласыз. Недәуір қолайлы шаблонды таңдап, «жасау» батырмасын басасыз.

Pablo

Pablo — цитата қойып, қосымша мәтін немесе логотип қосып, мәтіннің өлшемін баптап, түсін таңдаңыз. Дайын суреттер де бар, өз суретіңізді жүктесеңіз де болады.

Дереккөз: newreporter.org