- Негізгі бет
- Жаднама
- Кескінмен жұмыс істеуге...
Кескінмен жұмыс істеуге арналған 7 онлайн-құрал
Алдымен өзгерткіңіз келетін кескінді таңдап, өңдеу парағына өту үшін Create > батырмасын басыңыз. Суретті терезеге тартып алып келіңіз немесе парақтың төменгі жағындағы Add your file батырмасын басыңыз.
Фотосуретті сізге қажет өлшемге дейін кішірейтуден бөлек, құрал қажет фильтр эффектілерін салуға және кескіннің қанықтығы мен айқындығы сынды баптауларын жүргізуге болады.
Social Image Resizer Tool
Әлеуметтік желілермен жұмыс істеуге толық сай келеді. Тек қандай желі үшін сурет әзірлегіңіз келетінін таңдасаңыз болды, сервис суреттің өлшемін соған лайықтап өзгертіп береді. Суреттерді Facebook, Twitter, Google+, Linkedin, Pinterest, Instagram және YouTube желілеріне экспорттай аласыз.
Share As Image
Бұл сервистің көмегімен фотосуретке мәтін және фильтрлер қоса аласыз. Мәтінді үлгіге келтіргеннен кейін, оны қойғыңыз келетін жерге апарыңыз. Мәтін алаңдарында ешқандай шектеу жоқ, тек мәтін қоса бересіз. Сондай-ақ, кескінді Twitter, Pinterest және Instagram желілерінде сақтауға арналған опциялар бар.
Pinwords
Pinwords алты типографиялық шрифте цитаталар немесе мәтін қосуға мүмкіндік береді. Мәтінді ұлғайтуға немесе кішірейтуге, жылжытуға болады. Өңдегіңіз келетін кескінді жүктеп, шрифт пен стильді таңдайсыз, мәтіннің өлшемін өзгертіп, содан кейін өзгертулерді сақтау үшін «Pin it» батырмасын басасыз.
Befunky
Befunky — үш құралдың қосындысы: фоторедактор, коллаж жасаушы және кескінге түрлі эффектілер салушы. Қалыпты әрекеттерден (суреттің айқындығын арттыру, кесу, т.б.) бөлек, Befunky түрлі түс эффектілерін де ұсынады. Олардың қатарында түрлі-түсті гамма немесе көмірмен сызғандай ету эффекті, сондай-ақ, мәтін ғана емес, графикалық элементтер қосу мүмкіндігі бар.
Тағы бір керемет функциясы — фотосуреттің үстіне белгіленген үлгідегі маска салу мүмкіндігі. Сервиске фотосуретті өз компьютеріңізден де, веб-камерадан да, Facebook-тан да, Google Drive немесе Dropbox сынды қоймалардан да алып келуге болады.
Recitethis
Recitethis — цитата жазылған суреттерді оңай жасау. Цитатаны ұсынылған үлгіге жазасыз да алдын-ала қарап аласыз. Недәуір қолайлы шаблонды таңдап, «жасау» батырмасын басасыз.
Pablo
Pablo — цитата қойып, қосымша мәтін немесе логотип қосып, мәтіннің өлшемін баптап, түсін таңдаңыз. Дайын суреттер де бар, өз суретіңізді жүктесеңіз де болады.
Дереккөз: newreporter.org
Massaget.kz