- Негізгі бет
- Жаднама
- Керекті мәліметтерді есте...
Керекті мәліметтерді есте сақтау әдістері
Адам егер мидың толық мүмкіндігін пайдаланған болса, онда ол 100 000 энциклопедиялық мақала, 3 университет материалын және 6 шет тілін жетік меңгере алады. Бұл өте жақсы көрсеткіш, алайда адамдар барлық мүмкіншілікті бірдей пайдалана бермейді. Егер сіз өзіңіздің есте сақтау қабілетіңізді күшейткіңіз келсе, төменгі кеңестерге жүгінулеріңізге болады.
1. Жазу
2008 жылы Киото университетінде жүргізілген зерттеулер адамның оқу алдынан 15-20 минут бұрын өмірде өткен-кеткендерін еске түсіріп, мұңлы сәттерді қағаз бетіне жазғанда адамның оқуға деген икемділігінің артқандығын байқаған. Мұның себебі адам табиғатынан қайғылы, қорқынышты оқиғаларды тез және ұзақ уақытқа дейін есіне алып жүреді. Адам миы инерция бойынша жаман нәрселерді есте мықтап бекітеді. Сонымен қатар ақпаратты бірнеше рет көшіру арқылы да жақсы сақтай аласыз.
2.Орныңызды өзгертіңіз
Мәлесен, егер сізге екі пәннен емтиханға дайындалу қажет болса, онда екеуін екі түрлі жерде отырып дайындалған жөн. Бір жерде қақиып оқыған малұматтар көбіне мида үлкен қиындықпен сақталады.
3. Дауыстап оқу
Мәтінді дауыстап оқығанда сөздер 10%-ға жақсы есте қалады. Бұл дәлелденген жүйе. Сөздерді бірнеше рет қайталап, дауыс ырғағымен дәл түсіп әр сөзді түсінікті қылып оқу керек. Мұның тағы бір себебі көзбен көрген затты құлақпен ести отырып, қабылдануы. Осылаша бірден екі сезім мүшесі қатар жұмыс істейді.
4. Бейнелеу
Меңгеруге өте қиын тілдердің сөздерін ым, ишарат жасап жаттау керек. Мысалы, егер сізге "жүгір" деген сөзді жаттау қажет болса, онда жүгіріңіз. Бұл әдісті іс жүзінде қолданғаннан кейін тәсілдің жұмыс істейтіндігіне көз жеткізесіз.
5. Өз дауысыңызды тыңдаңыз
Біршама мәліметті есте сақтаған соң, оны дауыстап үнтаспаға жазып алыңыз. Жатар уақытта үнтаспадағы ақпаратты тыңдап ұйықтауыңызға болады. Осылайша сіз керек нәрсеңізді ұзақ мерзімге дейін сақтап жүресіз.
6. Машықтану
Өлең, тақпақ, жаңылтпаш секілді қосымша мағлұматтарды жиі-жиі қайталап, жаттап отыру қажет. Психологтардың айтуынша, ми жаттыққан сайын тез еске сақтауға машықтанады екен.
7. Жақсы ұйқы
Мәліметтеріңізді толығымен оқып, есте сақтағаннан кейін біраз уақытқа дейін демалып ұйықтау керек. Ұйқысыздық адамның есте сақтау қабілетін тым қатты төмендетіп жібереді. Емтихан тапсыратын кезде ұйқыны қандырып ұйықтаған дұрыс.
9. Спортпен шұғылдану
Аэробика жаттығулары мен йогамен айналысатын кісілердің миы тынық болады. Сондықтан да олардың әр түрлі қабілеттері мен мүмкіндіктері анағұрлым жоғары. Жалпы кез келген істі бастамас бұрын аздап басқа нәрсеге көңіл аудару керек.
Н. Нұрмаханұлы