Күні бойы кеңседе отырып қызмет атқаратын адамдарға орнынан тұрмай 5-6 минут ішінде 6-10 рет қайталанатын жаттығулар жасауға болады. Оны түске дейін және түстен кейін екі мезгіл қайталаса, жұмысқа қабілет артып, күш-жігер жиналады.
- Екі қолды жоғары көтеріп, терең дем алып керілу.
- Иықты жоғары және төмен қимылдатады.
- Баяу ырғақпен басты оңға, солға айналдырады.
- Денені тік ұстап, екі жаққа алма-кезек иеді, қисайған кезде созылған қолдың ұшы еденге тиюі керек.
- Орындықтың шетінен екі қолмен ұстап, бірнеше рет алдына сырғанай отырып тұрады.
- Орындықтың артқы жағынан мықтап ұстап, екі аяқты алма-кезек бүгіп, жазады.
Жаттығуларды 10-20 реттен жасау керек.