Келер аптаның 7 ісі

Редакция таңдауы - Смағұл Елубайдың "Ақ боз үй" кітабы. Редакциямыздың кітапқа берген рецензиясымен танысып, келер аптада оқып шығуларыңызға кеңес береміз.

ҰБТ-ға  санаулы-ақ ай қалды. Емтиханды тапсыруға дайындық ретінде Massaget.kz cайты жариялаған сынақ тестілеуінен өтіңіз. Ал мектепті бітіріп кетсеңіз, ҰБТ-ға дайындалудың тиімді әдістері мен тесттің өткізілу шарттары жайлы жаңа ақпаратпен мектеп түлектерімен бөлісіңіз.


Аязды қысты бастан кешіріп, еш күшіңіз қалмаған болса, сірә ағзаңызда дәрумендер тапшы болар. Қыстың аяғындағы авитаминоз - көп тараған көрініс. Оған дайын болыңыз. Жемістер мен көкөністерді молынан жеп, дәрумендер комплексін ішіңіз.


 Келер аптаның 20-жұлдызы – Масленица мерекесінің басы. Көпұлтты еліміздегі бұл мерекені атап өтетін христиан бауырларымыз көп-ақ. Бұл күні достар бір-біріне қонаққа барып, үлкен дастархан басында жиналады. Сондай-ақ,  Масленицаның ажырамас бөлігі құймақтар дайындалады. Өзіңіз де құймақ істеп, достарыңызды қонаққа шақыруыңызға болады. Құймақ мәзірі мына жерде.


 

Келе жатқан 23 ақпан - Отан қорғаушылар күні. Бұл мерекемен әке, аға, ата, бауыр, достарыңызды құттықтауға дайындалыңыздар. Сыйлықтар жайлы да ойланғаныңыз абзал. 

 

17 ақпан  - кенеттен мейірімділік көрсету күні. Осы күні ерекше мейірім танытып, қасыңыздағы достарыңызды ерекше ілтипатыңызбен қуантыңыз.

 

Келер аптада қала дүкендеріне киімнің жаңа көктемдік топтамалары түсе бастайды. Осы уақытты қалт жібермей, сәнді киім үлгілерінен құр қалмаңыз. Есіңізде болсын, ең сәнділері басында сатылып кетеді! 

 

Форумда талқылау.