- Негізгі бет
- Жаднама
- Келер аптаның 7...
Келер аптаның 7 ісі
Ертең, яғни ақпанның 11-жұлдызында, Mega Alma-Ata сауда және ойын-сауық орталығында "Жеңілдік түні" атты шара өтеді. Бұл кеште сәнді киім үлгілеріне 90%-ға дейінгі жеңілдіктер сізді таңғалдырары анық. Кеш ақ-қара түсте орындалған, 30-жылдар стилінде өтеді. Осы сәнге сай киініп келген қонақтарға "Артист" фильмін тамашалау мүмкіндігімен қатар, ең сәнді деп танылғандарға Ipad 2 мен Samsung планшеті және басқа да сыйлықтар тартылады. Мүмкіндікті жіберіп алмаңыз!
Туиттерді қолданатын адамдардың саны күннен күнге көбеюде. 140 символда көрініс тапқан ойлар өміріміздің бір бөлігіне айналып үлгерді. Массагеттің тақырыптары көңіліңізден шықса, бізді "фолоулап", "ретвиттеп" жүріңіз.
Келер аптада болатын "Әулие Валентин" күні - елімізге жат мейрам. Алайда, сүйіктіңізге ерекше көңіл білдіруде тұрған жаман ештеңе жоқ. Ал жақсысы, 14 ақпанда болатын басқа мейрам - "Программист күнін" атап өтіңіз. Компьютерге ерекше құмар достарыңды осы мерекемен құттықтап қойыңыз!
Массагеттің апта кеңесіне құлақ асып, өз мейірімділігіңізді біреуге көрсеттіңіз бе? Қолыңыз тимей бұл кеңесті ұмытып қалсаңыз, әлі де кеш емес! Айналаңызға қараңыз, көмекке мұқтаж адам жетерлік. Соларға қол ұшын созайық!
Қазақ блогшыларының тұңғыш құрылтайы былтыр Алматыда дүркіреп өткен болатын. Игі іс биыл да жалғасын таппақ. Наурызда өтетін блогшылардың құрылтайына тіркелу басталып та кетті! Қапы қалмай, сен де тіркел, ҚазНет жаңалықтарынан құр қалма!
23 ақпан, 8 наурыз, 15 сәуір....Келе жатқан мейрамдарға дайынсыз ба? Сыйлықтар туралы ойлана бастағаныңыз жөн болар. Жұлдыз сыйлағыңыз келмейді ме? Жұлдызға сүйіктіңіздің атын беріп, "Ғарыш-Жер" Халықаралық жұлдыздар каталогына жаздырсаңыз болады. Ғашығыңызға оны растайтын сертификатты тарту етіп, сол жұлдызды көрсетіңіз. Бұл - ерекше сыйлық болары анық.
Армандап үйренейік! Арман - адамды шыңдарға жетелейтін үлкен күш. Армандарымыз жайлы ойланайық, қиялдайық, себебі армандай білген адам армандарына жете де біледі. Армандарының орындалуына сенетіндер - бақытты жандар. Арманың алтынмен жаланған телефон не ең қымбат машина болса да - бәрі орындалуы мүмкін!
Форумда ой бөлісейік!
С. А