Әлемдегі ең үлкен құмар қаласы деп танылатын Лас-Вегаста үлкен-кіші құмарханалар қаз-қатар болып самсап тұрады. Ойын орталықтарының безендірілуі де бірінен-бірі өтеді. Бірақ Лас-Вегастағы әрқандай бір құмарханадан айна таппайсыз. Бұл – Лас-Вегас құмар саласындағы жазылмаған заңдардың бірі. Ол заңның аты: «Құмарханада айна болмауы керек!»
Бұл жасырын заңдылықтың терең мәні бар.
Құмархананың негізгі мақсаты ойыншы кісіні өтірік қияли сезімге шомылдыру. Сол сезімді дүниеге келтіру. Ойын орталығында айна болмауының себебі, құмархана қожайындарының клиенттерге өз образдарын көрсетпеуге тырысуында. Өйткені, егер ойын орталығында айна болса, ойыншы адам өзінің шын келбетін көріп, жалған бейнеге енген қияли сезімін жоғалтып алуы мүмкін. Егер ол осы сезімін жоғалтса, өзінің бұрыс әрекеті үшін ұялып, құмардан бас тартуы ықтимал. Демек, адамның жалған кейіпке енуі құмардың қозғаушы күші іспеттес. Ол көптеген құмарпаздардың, қарапайым адамдардың мал-мүлкін құрдымға кетіреді. Тіпті кейбір адамдардың бүкіл өмірінің ойран болуы да ғажап емес.
Дайындаған: Сұңқар Ақбоз
cурет: voxpopuli.kz