Қазақтың тыйым сөздері

Қазақтың тыйым сөздері
Фото: balzhan.files.wordpress.com

Қазақ халқының тәрбие құралдарының бірі - тыйым сөздер. Бұл сөздер есі кірген балаларды жаман әдет, жат пиғыл, орынсыз қылық, теріс мінездерден сақтандырып отырған. Тізені құшақтау - жалғыз қалудың, қолды төбеге қою - ел-жұрттан безінудің, үлкеннің жолын кесу - әдепсіздіктің, асты төгу - ысыраптың белгісі деп танылған және ондай ерсі істерге қатаң тыйым салынған.

Мұндай тыйым сөздер ел ішінде өте көп. Солардың кейбір үлгілерін balakai.kz сайты тізіп жазып шықты.

  • Дастарханды, тамақты баспа.
  • Кісі мініне күлме, кемтарға күлме.
  • Малды, ыдысты, тамақты теппе. 
  • Суды сапырма, суға дәретке отырма, суға түкірме.
  • Көкті жұлма, шашыңды жұлма.
  • Үй айнала жүгірме.
  • Босағаны керме, құшақтама.
  • Табалдырықты баспа, отырма.
  • Үйді сабама, малды басқа сабама.
  • Бейіт тұсынан шауып өтпе, жүгіріп өтпе.
  • Бейітке қолыңды шошайтпа, оған қарап түзге отырма.
  • Итке ожаумен ас құйма.
  • Түнде үй сыпырма, түнда тырнағыңды алма.
  • Үлкендердің жолын кеспе, сөзін бөлме.
  • Бүйіріңді таянба, жер таянба, иегіңді таянба.
  • Шашыңды жайма.
  • Бетіңді баспа.
  • Тізеңді құшақтама.
  • Өтірік жылама.
  • Жұлдызды, адамды санама.
  • Сыпырғышты тік қойма.
  • Қолыңды қусырма.
  • Адамға пышақ, мылтық кезенбе.
  • Бос бесікті тербетпе.
  • Құранды, тамақты баспа.
  • Жақын адамға пышақ сыйлама.
  • Тұзды, күлді баспа.
  • Отпен ойнама, оттан аттама, отқа түкірме.
  • Нанды жерге тастама, үстіне басқа затты қойма.
  • Бейуақытта жылама, ұйықтама.
  • Бейуақытта кісіге көңіл айтпа.
  • Бөркіңді теріс киме.
  • Үйде ысқырма.
  • Үйге жүгіріп кірме.
  • Мойныңа белбеу жіп салма.
  • Айды қолыңмен көрсетпе.
  • Құдыққа түкірме, ыдысқа түкірме, жоғары қарай түкірме.
  • Шелектегі суға аузыңды батырма.
  • Ақты төкпе. 
  • Адамды айналма.
  • Адамға қарап түкірме, есінеме.
  • Жалғыз ағашты кеспе.
  • Пышақтың жүзін жалама.
  • Пышақты шалқасынан қойма.
  • Таңдайыңды қақпа, басыңды шайқама.
  • Қызды ұрма.
  • Кісіге, молаға саусағыңды шошайтпа.
  • Орынсыз күлме.
  • Кісі айыбын бетіне баспа.
  • Көп сөйлеме.
  • Адамға, малға зәбір жасама.
  • Балаңа басқа ұрма. 
  • Ата-анаңа қарсы келме.
  • Түнде суға барма.
  • Бетіңді сызба.
  • Нанды бір қолыңмен үзбе.
  • Асты үрлеме, асты жамандама.
  • Тамақты сораптап ішпе.
  • Қолыңды төбеңе, желкеңе қойма.
  • Өтірік күлме, өтірік сөйлеме, өтірік жылама.
  • Ішегіңді тартпа, табаныңды тартпа.
  • Қыз ұлдың, ұл қыздың киімін кимесін.
  • Дініңді сатпа, ұлтыңды сатпа, арыңды сатпа.
  • Құдайға, пайғамбарға, әулиеге тіліңді тигізбе.
  • Қабірді баспа.
  • Аманатқа қиянат жасама.
  • Ант ішпе, әбес сөйлеме.
  • Өтірік куәлік жасама.
  • Намазды бұзба.
  • Құстың ұясын бұзба.
  • Құмырсқаның ұясын баспа.
  • Ұрлық қылма, зорлық қылма.
  • Тіліңді шайнама, тіліңді тістеме, шығарма.
  • Саусағыңды аузыңа салма.
  • Кісі үйінде түрегеп тұрма.
  • Түрегеп тұрып немесе жатып тамақ ішпе.
  • Саусағыңды кеземе.
  • Аяғыңды тұсама, қолыңды байлама.
  • Көп ішінде қатты сөйлеме, қатты күлме.
  • Желге қарсы түкірме, желге қарсы дәрет сындырма.
  • Үлкеннен бұрын сөйлеме.
  • Үлкеннен бұрын тамақ жеме.
  • Үлкеннен бұрын отырма, жатпа.
  • Үлкеннің бетінен алма.
  • Шақырмаған жерге барма.
  • Рұқсатсыз үйге кірме.
  • Жұрт көзінше кекірме, қасынба.
  • Жұрт алдында құлағыңды қасыма, мұрныңды шұқыма.
  • Жерді сабама, жерді тепкілеме.
  • Баланы шошытпа.
  • Атқа теріс отырма.
  • Қайықты тербелтпе.
  • Әдепсіз сөзді айтпа, өтірік айтпа.
  • Мақтаншақ болма, тәкәппар болма.
  • Әйелге күш көрсетпе.
  • Малды боқтама.
  • Асты қорлама.
  • Жәндікті жәбірлеме.
  • Уһілеме.
  • Маңдайыңды, басыңды ұрма.
  • Отты, ошақты аттама.
  • Дастарханды, ыдысты, тамақты аттама.
  • Жаман әдетті үйренбе.
  • Жаманат шақырма.
  • Жаман ырым жасама.
  • Етбетіңнен жатпа.
  • Ерсі қимыл жасама.
  • Шашыңды, тырнағыңды өсірме.
  • Кісі төсегіне отырма.
  • Теріс қарап отырма, жүреңнен отырма.
  • Сол қолмен тамақ ішпе.
  • Шалбарды басыңа жастама.
  • Қолыңды артыңа ұстама.
  • Түнде мал санама.
  • Түнде күл шығарма.
  • Таңертеңгі асты тастама.
  • Көзіңді жыпылықтатпа.
  • Қолыңды кеудеңе қойма.
  • Ерніңді шығарма.
  • Орындықта аяғыңды айқастырып отырма.
  • Бала бетіне үрлеме.
  • Тырнағыңды тістеме.

С.Кенжеахметұлы

Е. Қайрахан