Елімізде Рамазан айы басталды, бүкіл мұсылман қауымның ораза тұтуы да басталды деген сөз. Биылғы ораза 2 сәуір мен 1 мамыр аралығына түсіп тұр. 27 сәуірден 28 сәуірге қараған түн – Қадір түні.
1 мамыр – мұсылмандардың мейрамы Ораза айт.
Биылғы пітір садақа мөлшері – 500 теңге болып бекітілді.
Ораза тұту – мұсылманның бес парызының бірі. Жалпы «ораза» сөзінің мағынасы - бір нәрседен алыстау, белгілі бір уақыт аралығында ішіп-жеуден, нәпсі қалауларынан тыйылу дегенді білдіреді. Сәресін ішу таң намазының уақыты кіруіне 10 минут қалғанда тоқтатылады.
Оразаға ниет: "Алла Тағаланың разылығы үшін таңнан күн батқанға дейін Рамазан айының оразасын ұстауға ниет еттім".
Ауызашар дұғасы: "Уа, Жаратқан Ием! Сенің разылығың үшін ораза ұстадым, Саған иман келтірдім, Саған тәуекел еттім, Сен берген ризықпен ауыз аштым. Уа, кешірімді Алла! Менің алдыңғы және соңғы күнә-кемшіліктерімді кешіре гөр!"
Рамазан айының басталуына байланысты Ораза кестесін назарларыңызға ұсынамыз.
Нұр-Сұлтан қаласы ораза кестесі
Алматы қаласы Ораза кестесі
Шымкент қаласы Ораза кестесі
Ақтөбе қаласы ораза кестесі
Атырау қаласы ораза кестесі
Ақтау қаласы ораза кестесі
Көкшетау қаласы Ораза кестесі
Қарағанда қаласы Ораза кестесі
Қызылорда қаласы ораза кестесі
Қостанай қаласы Ораза кестесі
Орал қаласы Ораза кестесі
Павлодар қаласы Ораза кестесі
Петропавл қаласы Ораза кестесі
Семей қаласы Ораза кестесі
Өскемен қаласы Ораза кестесі
Тараз қаласы Ораза кестесі
Талдықорған қаласы Ораза кестесі
Түркістан қаласы Ораза кестесі