- Негізгі бет
- Жаднама
- Қазақстанда 40 градус...
Қазақстанда 40 градус аяз болады
Қазақстанда 40 градус аяз болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына сілтеме жасап.
"Қазақстанға аяз демалыс күндеріне қарай келеді. Солтүстікте, шығыста және орталық Қазақстанда ауа температурасы 40 градусқа дейін төмендейді деп болжанып отыр", - деп хабарлады синоптиктер. "Қазгидромет" өкілдері республиканың батысында ауа райы 25-30 градусқа дейін, ал оңтүстігінде 25 градусқа дейін төмендеуі мүмкін екенін атап өтті.
Бұған дейін республика аумағына Ресейдің арктикалық теңіздерінен суық ауа келе бастайтыны хабарланған болатын.
сурет: ©Тұрар Қазанғапов
Е. Қайрахан